375
Әбу Ханифа және ақидалық көзқарастары
Халық арасында ханафилер көбейгеннен кейін Са-
лахаддин Әйюби Каир қаласында ханафиларға арнап
«Суюфия» медресесін салғызды. Мұның нәтижесінде
ханафи мәзһабы ел арасында кеңінен жайылды.
Мәмлуктар кезеңінде әуелі Каир қаласында
659 жылы (1261) шафиғи ғалымдарынан Тәжуддин
Абдулуаһһаб ибн Бинтил-иаз қадиул-қудат ретінде
тағайындалды. Бірақ, бұл жердегі халықтың арасында
түрлі мәзһаб өкілдері өмір сүргендіктен, халықтың ара-
сында наразылық туып, басқа үш мәзһабтан қазылар
тағайындалды. Тарихшы Мақризидің мәліметі бой-
ынша атамыз Сұлтан Бейбарыстың Мысыр елінде
шафиғи, мәліки, ханафи және ханбәли мәзһабтарынан
төрт қазы тағайындауынан кейін (1266 ж.) мұсылман
елдерінде осы төрт мәзһаб бойынша білім беріліп, сот
істері жүргізілген. Яғни, оның айтуы бойынша осы
кезден бастап, Ислам әлемінде төрт мәзһаб бойынша
амал ету мәселесінде үмбет арасында ижма (бір ауыз-
дан келісім) болған
671
. Алайда, оныншы ғасырда өмір
сүрген Мақдиси шығармасында өз кезеңінде Ислам
әлемінде фиқһ саласында ханафи, Мәлики, шафиғи мен
дәуіди (захирилер) секілді төрт мәзһабтың болғанын
айтқан
672
.
Сунниттер арасында захирилердің шафиғи
мәзһабының бауырында бірте-бірте еріп жойылуы мен
ханбәли мәзһабының шығуынан кейін XI ғасырда осы
төрт сунни мәзһаб қалыптасқан. Ал Аббаси халифа-
ларынан Насыр Лидиниллахтың қазы тағайындаған
кезде төрт мәзһабпен шектелуі осы төрт мәзһаб бой-
671
Хытат, 2-т., 344-б.
672
Мақдиси,
Ахсанут-тақасим,
37-б.