Previous Page  372 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 372 / 400 Next Page
Page Background

372

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

жазу арқылы ханафи фиқһының кең тарап, күшеюіне

маңызды үлес қосқан.

Сонымен қатар, ханафи фиқһының жинастырылып-

жазылуына халифа Мәмун кезеңінде қағаздың ойлап

табылып, кең қолданыла бастауының да өзіндік ықпалы

болды.

Алғашқы бір-екі ғасырдағы ханафи фиқһының

жинастырылып-жазылуы мәзһабтың құрылуы мен

танылуына жол ашса, кейінгі кезеңдерде һижра жыл

санауы бойынша IV, біздің жыл санауымыз бойынша

Х ғасырдан басталған кітаптарды жинастырып жазу

ісі мәзһабтың қалыптасуы мен дәстүрлі түсінігінің

орнығуына жағдай жасады.

Қазылық және ресми мәзһаб тәжірибесі

Аббастықтар әулетінің халифасы Харун әр-

Рәшидтің Әбу Юсуфты қадиул-қудат (қазылардың

қазысы, жоғарғы сот) міндетіне тағайындауы және

барлық қазыларды тағайындау ісін соған тапсыруы

сот істерінде жүйе мен біркелкілікті қамтамасыз ету

ел аумағында құқықтық тұрақтылық пен сенімділік

ортасының құрылуы жолында жасалған маңызды

қадам болумен қатар, әсіресе кейінгі дәуірде мұсылман

билігінің қол астына өтіп, халқы жаңадан мұсылман

болған елдерде ханафи мәзһабының танылуы мен та-

ралуына елеулі ықпал етті.

Ресми тағайындаулармен қатар, басқа аймақтарға

жіберілген қазының білімділігі мен біліктілігінің де

рөл ойнағаны анық. Баста Әбу Юсуфпен қатар Әбу

Ханифаның шәкірттерінің көпшілігі қазылық міндетін

атқарған. Олардың көпшілігі фиқһты ижтихад жасай-

тындай дәрежеде игеруіне байланысты Ирак, Иран, Хо-

расан, Батыс Түркістан аймақтарында Ирак (ханафи)