368
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
Ханафи фиқһының таралуы
Иракта туып, орталығы Куфада болған ханафи
фиқһының шартарапқа таралуының тарихи кезеңдері
мен қоғамдық, діни және әлеуметтік көптеген
себептері бар. Солардың бірі, оның айналасында
жиналған ижтихад шурасы (үкім шығару алқасы) мен
фиқһ академиясының өздерінен бұрынғы сахаба және
табиғиндардан келіп жеткен Құран мен хадис мұрасын,
олардың көзқарастары мен ижтихадтарын терең зерт-
теп, бойларына сіңіре отырып, өмірдің барлық салала-
рын қамтитындай етіп кең көлемде дамытуында жатыр.
Осылайша, фиқһты жеке адамның қажеттіліктерін
өтейтін, қоғам мен басқару тәсілін оңтайландырған
біртұтас әрі бай дәстүрге айналдыра алулары да ерекше
рөл ойнады.
Сонымен қатар, табиғиндар кезеңінде рай мен
ижтихадтық маңызы Ислам территориясының кеңейіп,
жаңа мәдениеттермен араласуы нәтижесінде арта түсті.
Осының нәтижесінде мұны белгілі бір жүйеге түсіріп,
реттеу қажеттілігі туындады. Өйткені, жөні-жобасы
белгіленбеген, тек қана қарсы реакцияға негізделген
дінді өз көзқарасына сүйеніп, түсіндіру нәтижесінде
Құран мен хадистен бастау алған діни мұраны жоққа
шығарып, үмбетті бөлшектеу қаупі де туындаған-
ды. Әсіресе, басқа мәдениеттердің ықпалы күштірек
сезілген Ирак аймағында осындай қауіптің белең алуы
табиғи құбылыс еді. Бұл аймақта елеулі салмағы бол-
маса да, хадиске сүйенген фиқһ көбіне сыртқы ықпалға
көп ұшырамағандықтан, қоғамдағы өзгерістер мен