Previous Page  365 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 365 / 400 Next Page
Page Background

365

Әбу Ханифа және ақидалық көзқарастары

кейбір адамдардың ойынша Әбу Ханифаның жалпы

ұстанымына сәйкес келмейді.

Жалпылама алғанда, Имам Ағзамның кәләмға

қатысты көзқарастарын екі топқа бөлуге болады. Ол

кейбір сөздерінде кәләмды жақтап пікір білдірсе,

кейбір сөздерінде даттаған. Түптеп келгенде, оның

бұл көзқарасында ешқандай қайшылық жоқ. Өйткені,

мақталған кәләм ақиқатқа жету үшін жасалған ғылыми

ұмтылысты білдірсе, датталған кәләм саласы білімі

жеткіліксіз кісілердің пікірталастырып, бір-бірін сөзден

ұтуға ғана негізделген кәләм. Бұл айырмашылықты

Әбу Ханифаның баласы Хаммадқа жасаған ескертуінен

анық байқауға болады.

Кәләм жайлы мұндай екіұшты пікір рәй туралы һәм

жағымды һәм жағымсыз ойлардың айтылуы мәселесіне

ұқсайды. Бұл жердегі мақталған ілім мен датталғанның

арасында мазмұны жағынан айырмашылық бар.

Ақида мәселесінде қиястың қолданылуына келсек,

бұл жердегі қияс фиқһтағы қияс әдісінен бөлек. Нақты

айтқанда, қияс түсінуге қиын мәселелерді ұғынықты

ету мақсатында теңеулер мен салыстырулар арқылы

берілген. Өз кезегінде сенімге қатысты тақырыптардағы

ұқсату мен салыстыруға қатысты мысалдарды Құран

аяттары мен хадистерден де кездестіруге болады.

Кітаптың мазмұнына қатысты таңылған сынның

тағы бірі иржә мәселесіне байланысты өрбиді.

Негізінен, Әбу Ханифа ұстанған иржә түсінігі

бидғатшы топтардың ұстанымынан мүлдем бөлек

екендігі мәлім

658

. Имам Ағзам иман келтіргеннен кейін

күнә жасаудың ешқандай зияны жоқ деген түсініктегі

658

Бұған қатысты жоғарыда тоқталған болатынбыз.

Қараңыз: 348 б.