Previous Page  367 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 367 / 400 Next Page
Page Background

367

Әбу Ханифа және ақидалық көзқарастары

Құранның жаратылып-жаратылмағандығы, құлдардың

іс-амалдары, қабір әлемі, кітаптарға иман, ақыретте

Аллаһ тағаланы көру, шапағат мәселелері орын алған.

әл-Уасия әр түрлі дереккөз кітаптардаӘбуХанифаға

телінген, кейде одан үзінділер келтірілген. әл-Уасияға

Әкмәлуддин әл-Баберти (786/1384), Молла Хұсейн әр-

Руми (1084/1672), Имам Хушуни (1056/1646), Ибраһим

ибн Хасан Нуреддин Ефенди әл-Үскүдәри (1260/1844)

және Әли әл-Қари шәрх жазған

663

.

Қорытындылай айтсақ, ұрпақтан-ұрпаққа тарап,

көптеген ғалымдар тарапынан зерттеліп, түсініктеме

жазылып, Әбу Ханифаға телінген ақидаға қатысты

шығармалар – осылар. Осман әл-Баттиге жазылған

рисәләның тысындағы шығармалардың бәрі

шәкірттеріне ауызша айтып отыру арқылы жазылған.

Бұл шығармалар жеткізушілерге қатысты кейбір сынға

ұшырағанымен, жалпы алғанда, ерте кезеңдердегі

дереккөздерде аталып, мазмұндық тұрғыдан Әбу

Ханифаға тән көзқарастармен толықтай үйлесіп, ханафи

ғалымдары тарапынан негізге алынып, зерттелегені

бұлтартпас ақиқат.

663

М. Игит, 92-94-б.