Previous Page  356 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 356 / 400 Next Page
Page Background

356

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

көрінеді. Әбу Ханифа «Не үшін тәубе етуім керек»

дейді.

– Не үшіні несі? Али мен Мұғауия арасындағы

оқиғаға берілген үкімге разы болғаның үшін.

– Мені өлтіресің бе, әлде менімен айтысасың ба?

– Сенімен айтысамын.

– Ал екеуміздің арамызда кім төрелік етеді?

– Қалаған адамыңды ата, – дейді харижит.

Әбу Ханифа харижиттердің бір адамын шақырып

алып айтысқа төрелікке қойды да, қарсыласына

қарап:

– Сен осының сөзіне тоқтайсың ба? – деп сұрады.

Харижит «иә» деген еді. Сонда Әбу Ханифа:

– Міне, сен де біз құсап төрелікке разы болып

отырсың, – дегенде Даххақ аузына құм құйылып,

мешіттен шығып кете барған екен

643

.

8. Имамдық

Әбу Ханифа «Имам мүминдердің ақылдасуы

әрі ортақ келісімімен таңдалуы керек» деген пікірді

жақтаған. Хасан ибн Зиядтың риуаятына орай Имам

Ағзамның көзқарасы бойынша сахабалар арасында

орын алған шайқаста Алидікін дұрыс санаған. Соны-

мен қатар, оған қарсы соғысқан Талха, Зүбәйр және

Айша (р.а.) жайында ешқандай жағымсыз пікір айт-

пауды жөн санаған әрі «Әлемдегі әйелдердің арасын-

да Хадиша анамыздан кейінгі ең абыройлы әйел Айша

(р.а.)» деп, өз ұстанымын шегелеп тұрып белгілеген.

643

Тақиуддин ибн Абдулқадир әт-Тәмими,

Табақатус-сәниә фи

тәрәжимил-ханафия,

Дәрур-руфаи, Рияд, 1983, 1-т.., 151-

152-б.