353
Әбу Ханифа және ақидалық көзқарастары
үкім шығаратын немесе Пайғамбарымызға
(саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм)
тән деп айтылатын хадистерде келген кейбір
сенім негіздерін қабылдамаған адамды кәпір санауға
болмайды
636
. Әбу Ханифаның «әл-Фиқһул-әкбар»
кітабында осыған сай мынадай сөз бар: «Мейлі үлкен
күнә істесе де, ол істеген үлкен күнәсін халал сана-
майынша, оны кәпір деп айта алмаймыз. Мұсылман
деген атты одан алып тастай алмаймыз. Біз оны мүмін
деп атаймыз». Олай болса, кәлима шәһадат айтып
жүрген мұсылманның ең үлкен қателігі – күнә ісі
үшін мұсылман бауырын діннен шығарып, оны кәпір
санауы.
Кейбір деректерде Әбу Ханифаның Құранды
түрліше жорамалдаған қарсыластарын кәпір
санағандығы айтылса да
637
, бұл оның тәкфир
мәселесіндегі кеңпейілдігі мен еңбектерінде негізге
алған байыпты ұстанымына қайшы келуде. Оған
теліген бұл көзқарас дұрыс болса, кәпір деп атаған
адамы үкімі айқын дін негізін мойындамағандықтан,
осындай үкім берген болуы мүмкін. Әбу Ханифа бой-
ынша, Пайғамбарымыздың әке-шешесі кәпір күйінде
емес, кіршіксіз болмыспен өмірден озған. Тағы бір
еңбектерде бұған қайшы көзқарас оған телінсе де,
мұның кейбір қолжазбаларды көшіріп жазу барысында
жіберілген қателерден туындағаны анықталған
638
.
636
Әбу Ханифа,
әл-Фықхул-әбсат,
37-38 б. Баязизаде, сонда. 105-
106, 149, 200, 278, 307-б.
637
Ибнул-Хұмам,
әл-Мүсаяра,
Каир, 1317, 323-324, 327-б.
638
Әбу Ханифа,
әл-Алим уәл-мутааллим,
7-б.; Ғауижи, 257-258 б.
Али әл-Қари,
Әдилләту мүтәқади Әби Ханифа фи әбәуәйир-
Расул,
Сүлеймание кітап. Дамат Ибраһим, № 298, 33а.-дан
алған Ю. Шевки Явуз, 2-т., 150-б.