348
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
еді. Мұғтазилиттер өз кезегінде тағдыр мәселесінде
өздеріне қарсы шыққандардың барлығын мүржия
дейтін. Міне, имам Ағзам мен оның ізбасарларына
қатысты мүржия деу осылардан келіп шыққан. 2. Имам
Ағзамның көзқарасы бойынша иман тілмен айтып,
жүрекпен бекіту әрі иманның артуы немесе кемуі деген
болмайды. Міне, сондықтан кейбіреулер имам Ағзам
амалды иманнан кейінге ысырып қойды деп жаңсақ
ойлаған. Өйткені, имам Ағзамның тән арқылы жүзеге
асатын құлшылықтарға қаншалықты жауапкершілкпен
қарағандығы әмбеге аян. Құлшылықтарды орындауға
қатысты ерекше ыждағаттылығы да кітаптарда
жазылған. Олай болса, бұл жала мұғтазилиттер мен
харижиттерден шығуы бек мүмкін»
623
.
Анығында, Әбу Ханифаның ақидаға қатысты
рисалелерінде иржа термині күнә істегендердің
ақыреттегі жағдайын иләхи қалауға қалдыруы
мағынасында қолданылған
624
. Алайда, бұның мәзһабтар
623
Шахристани,
әл-Миләл уән-нихал
(баспаға дайындаған М.
Сәйид Килани), Каир, 1961, 1-т., 141-146; Ибн Әбулизз өзінің
«Шарх әт-Тахауия» атты кітабында мүржияның мағынасының
тереңдігін, оны қалай түсіну керектігіне қатысты бір-біріне
қайшы түрлі көзқарастың бар екенін айта отырып, Әбу Хани-
фаны мүржия деуге болмайтындығын тілге тиек етеді. Өйткені,
Әбу Ханифаның сөздері амал етудің де маңыздылығына,
мұсылман кісінің ізгі амалдар жасуы қажеттігіне, үлкен
күнәлардың харам екендігіне, оларды жасаушылардың күнәһар
саналып, ақыреттегі жағдайларының Аллаһ тағаланың еркіне
қалдырылатындығына қатысты мәселелерде әхлус-суннаның
тұжырымдарына қайшы емес. Сондықтан, Әбу Ханифа мен
оның ізбасарларын өзге мүржиялардан, әсіресе, олардың
арасындағы шектен шығушы ғұлат пен жахмиядан ажырату
үшін «муржиятул-фуқаха» деп атаған. Қараңыз: http://www.
islamweb.net/ver2/...;Қ. Құрманбаев, Хадис ілімі, 113-116-б.
624
Әбу Ханифа,
әл-Алим уәл-мутәаллим,
24 б.