352
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
Екіншісі – Аллаһқа серік қосушылар – тозақтық.
Үшіншісі – мүміндер. Бұлар жайында жаннаттық
немесе жаһаннамдық деп нақты үкім айта алмаймыз.
Олардың жаннатқа кірулерін тілейміз, жаһаннамға
кірулерінен қорқамыз. Аллаһ тағаланың айтқанындай
«Олар ізгі амал қылды, жаман істерді де араластыр-
ды. Мүмкін Аллаһ олардың тәубаларын қабыл алар».
Олардың қайда баратындықтарын тек Аллаһ қана біледі
және Сол үкім береді. Біз олардың жаннатқа кіруін
қалаймыз. Өйткені, Аллаһ тағала:
«Шындығында,
Аллаһ тағала өзіне серік қосқанды кешірмейді.
Бұдан басқасын қаласа кешіреді»
633
деген.
Олардың күнә жасап, қателік істегендіктері үшін
қатты қорқамыз. Өйткені, Пайғамбарлар және олардың
жаннатпен сүйіншілеген адамдарынан басқа ешкім
жаннатқа кіреді деп үзілді-кесілді айтылған емес.
Қаласа, күні-түні ораза тұтсын, намаз оқысын»
634
.
7. Тәкфир
Әбу Ханифа бойынша, адамдар өз сөздеріне
қарай, ғибадат түрлеріне және діни рәміз болып та-
былатын киім киістеріне қарай кәпірге саналатын
635
.
Мүмин екенін айтумен қатар, иләһи сипаттарды
жоққа шығаратын немесе жаратылыстардың сипатта-
рына ұқсататын, тағдырға сенбейтін, Құранда ашық
белгіленген үкімдерді мойындамаған, күнә істеуді халал
санаған, Құранның бір әрпін болса да мойындамаған
адам кәпір болып табылады. Алайда, Құранды тәпсір
немесе тәуил (жорамал жасап түсіндіру) жасау арқылы
633
«Ниса» сүресі, 116-аят
634
Ибн Абдулбәрр,
Интиқа
, 167-б.
635
Әбу Ханифа,
әл-Алим уәл-мутааллим,
24-б.