Previous Page  349 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 349 / 400 Next Page
Page Background

349

Әбу Ханифа және ақидалық көзқарастары

тарихы кітаптарында ұғымы берілген әрі иман еткен

кісіге күнә істеудің еш кесір тигізбейтіндігін негізгі

көзқарас ретінде ұстанатын мүржиямен үш қайнаса

сорпасы қосылмасы ақиқат. Егер солай болған

болса, ондай көзқарасты шәкірттері де жақтар еді.

Шындығында, олар керісінше, мүржияны сынға

алған. Әбу Ханифаның күнә істегеннің діннен

шықпайтындығын, мүмин болып қалатындығы

жайлы көзқарасы сәлафтарды да қосқанда бүкіл әхлі-

сүннеттің көзқарасына айналғанын назарға алсақ,

оны мүржияға тән деп қарау ол дәуірде мәзһабтарға

қатысты ұғымдардың әлі қалыптаса қоймауынан болса

керек. Негізінде, Әбу Ханифа кезеңінде жаңа қалыптаса

бастаған әхлі-сүннет үшін бұл атау әлі қолданыла

қоймағандықтан, ақида мәселелерінің әрбіріне қатысты

әхлі-сүннет ғалымдарына түрлі атаулар берілгені

белгілі. Мәселен, мұғтазила ғалымдары иләһи си-

паттар жайындағы көзқарастарына орай әхлі-сүннет

ғалымдарын мүшәббиха, адамдардың іс әрекеті мен

тағдырға қатысты пікірлері себепті мұжбира немесе

жәбрия деп атаған

625

. Матуриди де адамның дербес

қалауы мен іс-қимылға, өзіндік қарым-қабілеті жоқ

деп санап, адамдардың бүкіл әрекетін иләхи қалау мен

құдіретке қалдырғандарды мүржия деп атаған

626

. Әбу

Ханифаның иман түсінігін сынға алған Ибн Хазм оны

мүржияның ішіндегі әхлі-сүннетке ең жақындардың

бірі ретінде қабылдаған

627

.

625

ҚадыАбдулжәббар,

Шәрхул-усулил-хамса

(баспағадайындаған:

Абдулкарим Осман), Каир, 1965, 75 б.

626

Матуриди,

Тәуилату әхлі сүннә

(баспаға дайындаған:

М. Мұстафизуррахман), Бағдат, 1983, 98-б.

627

Ибн Хазм,

әл-Фасл,

ІІ, 228, 265.