346
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
пайғамбардыңқайсарлықпениманынашықайтуы
617
осыған дәлел.
Сөздікте «тәсілім болу, берілу» деген мағынаға
келетін Ислам деген сөз иман түсінігінен
ажырамайтындықтан, сонымен бірдей қабыл етілген.
Өйткені, толық бағыныштылықты мақұлдаудан бөлек
қарау қиын
618
.
Әбу Ханифа және мүржия мәселесі
Кейбір деректерден Әбу Ханифаға сын
айтқандардың бірі – Бұхари екенін көреміз. «әл-Жамиус-
сахих» атты еңбегінің тақырыптарында «Кейбіреулер
былай депті» деген тұспалмен атын атамастан, Әбу
Ханифа және оның жақтастарын сынап отырған. Тағы
бір еңбектерінде Әбу Ханифаның Ислам дініне кесір
тигізуге тырысқан мүржияға тән адам екендігі жайлы
мәліметтер келтірген
619
. Хадисшілерден Ибн Хиббан
Әбу Ханифа жайлы әлсіз риуаяттар жеткізгеннен кейін
сол жайлы адамның түсіне енген жағымсыз көріністерді
тілге тиек етіп, оны сенімі дұрыс емес етіп көрсетуге
тырысқан
620
. Басқа да хадисшілердің осы тектес сөздер
айтқаны мәлім.
Негізінен, хадисшілердің өтірікші деп танылған
рауилардың риуаяттарына сүйеніп, Әбу Ханифа-
ны жамандауы өз ұстанымдарына қайшы. Бұл тұста
түске сүйенуі де ғылыми негізге жатпайды. Кәусәри
617
«Бақара» сүресі, 260-аят
618
Манастырлы,
Мәуахибур-рахман,
154-беттен Б. Шевки Явуз,
2-т., 149-150-б.
619
Бұхари,
әт-Тарихул-кәбир
(баспаға дайындаған: Абдуррахман
ибн Яхья әл-Ямани және т.б.) Хайдарабад, 1941-1960, VІІІ, 81;
620
Ибн Хиббан,
Китабул-мәжрухин минәл-мұхаддисин уәд-дуафа
уәл-мәтрукин
(баспаға дайындаған Махмұд Ибраһим Зайеди),
Халаб, 1975-1976, 3-т, 63-72-б.