344
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
атты кітабында өз ойларын: «Иман амалдан бөлек
болғандықтан артып-кемімейді. Олай болса, біздің
иманымыз періштелер мен пайғамбарлардың има-
нымен бірдей. Өйткені, біз Аллаһ тағаланың жалғыз
даралығын, Оның Жаратушылығын, құдыретін,
Оның жіберген барлық үкімдерін періштелер мен
пайғамбарлардың бізге айтып, растағанындай рас-
таймыз. Сондықтан, иманымыздың періштелер мен
пайғамбарлардікіндей екенін айта аламыз. Өйткені, біз
періштелер мен пайғамбарлардың көзбен көріп, иман
келтірген, Аллаһ тағаланың ақылмен танып-білу қиын
ақиқаттарын көрмесек те, толықтай иман келтіреміз.
Бірақ, мына негіздерге орай бізге қарағанда олар
Аллаһтан тереңірек қорқып, көбірек мойынсұнады:
1. Олар пайғамбарлық сипаттарымен өзгелерден
артық болғаны секілді, Аллаһтан қорқу, Оны сүю және
басқа да асыл қасиеттер тұрғысынан өзгелерден артық
ерік-жігер танытқан;
2. Олар біз көрмеген, адам санасымен періштелерді
де таңқалдырған кереметтерді көрген;
3. Олар жамандық жасағандардың басына
жіберілген жазаның түрлерін өз көзімен көрді. Осы
жайт оларды күналардан барынша алшақтатады.
Алайда, имандары мен құлшылықтарының сауабы
тұрғысынан бізден артық...» деп түйіндеген
613
.
Амал иманның бір бөлігі ме?
Анығында, Әбу Ханифа амалды иманның талабы
ретінде емес, оны иманнан бөлек қарастырғаны
белгілі. Әбу Ханифа бойынша амал иманнан кейін
келеді. Адам намаз оқып, ораза ұстағандығы үшін
613
Беязизаде, 131-132-б.