Previous Page  340 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 340 / 400 Next Page
Page Background

340

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

– Ел не демейді, жұрттың сырттай мен туралы

айтқанына сеніп шешім қабылдауға бола ма екен?

– Сен жайлы айтылғандардың ел ішіне тарағаны

сонша, халықтың білімдісі де, білімсізі де түгел естіген.

Мен осыған қарап үкім беріп отырмын.

– Уа, Әбу Ханифа, мен сенен көп нәре сұрамаймын,

тек иман жайында ғана сұраймын.

– Осы уақытқа дейін иманның не екенін білмеуші

ме едің?

– Білуін білдім ғой, бірақ аздаған күмәнім бар.

– Байқа, иманда күмән күпірлік болып саналады.

– Күпірліктің маған қай жақтан келгенін айтуың

керек.

– Сұра, айтайын.

– Біреу Аллаһты біледі. Оның бір екенін, серігі

мен теңі болмағанынан хабардар. Сипаттарын таниды.

Бірақ, тілімен айтпастан қайтыс болады. Бұл адам

мұсылман болып қайтыс болды ма, жоқ әлде кәпір

болып қайтыс болды ма?

– Кәпір болды, жүрегімен білген нәрсені тілімен

айтпаған адам тозақтық болады.

– Аллаһты сипатымен біле тұра неге мұсылманға

жатпайды?

– Оныңа да жауап берейін. Егер Құранға сенетін

болсаң, Құранмен жауап берейін, ал егер Құранға

сенбесең, оны дәлел ретінде санамайтын болсаң,

мұсылман еместерге бергенімдей жауап берейін.

– Құранға сенемін, оны дәлел ретінде

қабылдаймын.

– Олай болса, тыңда. Аллаһ тағала Кітабында

жүректегі иманды тілмен де қатар мойын-

дау қажеттігін мына аяттарда білдірген: «Олар