Previous Page  335 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 335 / 400 Next Page
Page Background

335

Әбу Ханифа және ақидалық көзқарастары

жан – Аллаһқа иман етпеген болып саналады. Өйткені,

хазірет Пайғамбарымызға иман ету – Аллаһ тағаланың

әмірі. Сол себепті, Аллаһқа иман еткен барлық адамның

хазірет Пайғамбарға да иман етуі керек»

583

.

Әбу Ханифа Китабул-әлимде былай деген:

«Расулаллаһ Жаратушы тыйым салған еш нәрсені

адал демеген. Аллаһ бұйырған еш нәрсені жасырып-

жауып қалмаған. Аллаһ сипаттаған нәрсені бұзбай

сол күйі сипаттаған. Жаңа нәрсе ойлап шығармаған.

Аллаһ айтпаған нәрсені Аллаһқа таңбаған. Осы

себепті, Жаратушы «пайғамбарға мойынсұнған

Аллаһқа да мойынсұнғаны» деп бұйырған. Өйткені,

ол Пайғамбарды бүкіл жын мен адамдарға жолбас-

шы, парыз бен сүннеттер үшін сенімді қылған. Осы

себепті, Хақ тағала

«Пайғамбар сендерге не берсе,

соны алыңдар. Неден тыйса, содан тыйылыңдар»

584

деген.

Пайғамбарлардың баршасы үлкенді-кішілі күнәлар

мен күпірліктен аулақ

585

. Мұхаммед

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

– Аллаһ тағаланың күнә атаулыдан қорғалған сүйікті

құлы, расулы, нәбиі. Ол ешқашан пұтқа табынбаған,

бір сәт болса да Аллаһқа серік қоспаған, күнәнің

ұсағын да, ірісін де істемеген. Пайғамбарлар Аллаһқа

серік қоспайды, үлкенді-кішілі күнәлар жасамайды.

Тек «Зәлла» деп аталатын жаңсақтықтар ғана жасауы

мүмкін. Бүкіл пайғамбардың діндері – бір ғана тәухидке

сүйенетін Ислам атты жалғыз дін. Тек өз дәуіріндегі

583

Әбу Ханифа,

әл-Алим уәл-мутааллим,

23-б. Баязизаде, сонда.

318-336-б.

584

«Хашр» сүресі, 7-аят

585

әл-Фиқһул-әкбарда мәселенің жалғасында: «Оларда кейде

қате мен зәллалар (жаңсақтықтар) кездеседі» деген сөз бар.

Қараңыз: 64-б.