331
Әбу Ханифа және ақидалық көзқарастары
бұл мәселеге қатысты басқа сенімді кісілер арқылы
келіп жеткен хабарлардың дұрыс екенін айта отырып,
мына екі мысалды береді.
Біріншісінде – «Тарихул-Бағдатта» «Әбу Ханифа,
оның достары Әбу Юсуф, Зуфар, Мұхаммед және
басқалары да халқул-Құран мәселесіне қатысты еш
нәрсе демеген. Құранның жаратылғандығы мәселесіне
қатысты Бишр, Мәриси, Ибн Әбу Дуад секілді кісілер
көзқарастарын білдірді. Міне, осылар Әбу Ханифаның
достарына күйе жақты»
572
.
Екіншісінде – Ибн Абдулбәррдің «Интиқа» атты
кітабындағы бір мәліметті келтіреді. Ол бойынша Әбу
Ханифа жоқ кезде бір кісі келіп Құран жайлы сауал
қойып, шәкірттері әр түрлі пікір айтып, ақыры әлгі
кісіге ұстаздары жоқ кезде ешқандай нақты жауап
бермеуге бекінгендіктерін айтып, шығарып салады.
Әбу Ханифа келген соң бастарынан өткен жағдайды
баяндап, ұстаздары жоқ кезде қандай да бір ой-пікір
білдіруден тартынғандықтарын айтқан кезде ол: «Аллаһ
жақсылығын берсін. Менің өсиетімді құлақтарыңа
құйып алыңдар. Бұған қатысты, ешнәрсе демеңдер
де сұрамаңдар да. Бірақ, мынаны да біліп алыңдар.
Құран – Аллаһтың сөзі деп айтыңдар. Басқа ештеңе
демеңдер. Мұсылмандар бұл мәселені қозғаған сайын
қоздап, ертең сөндірілуі қиын өртке айналады»,– деп,
бұны қозғай бермеудің жөн екенін айтқан әрі өзі де бұл
мәселені көп қаузамаған
573
.
Әбу Ханифа Құранды дыбысқа салып оқудың
махлұқ екенін алғаш айтқан болар, алайда, оның бұл
сөзі «Құранды махлұқ» деді дегенге бұрмаланған. Егер
572
Бағдади,
Тарих
, 13-т., 377-378-б.
573
Әбу Захра,
Әбу Ханифа
, 160-161-б.