Previous Page  328 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 328 / 400 Next Page
Page Background

328

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

ды» деп, Ұлы Жаратушыны жаратылғандарға ұқсата

бастаған еді.

Бұл жайлы Әбу Ханифа былай дейді: «Батыс пен

Шығыстан екі жаман пікір келді. Олар Жәһим му-

ъаттила «Аллаһты пәктейміз» деп, онда айтылған си-

патты толықтай жоққа шығарушылар) мен Мұқатил

мүшаббиһа (сөздің тура мағынасын негізге алып,

Аллаһты басқа жаратылғандарға ұқсататындар)». Осын-

дай «Мүшаббиһа» сияқты топтардың философиялық

негізде жая бастаған түрлі қате пікірлеріне қарсы

салафус-салихиндердің ұстанған «Аллаһ тағала

мұндай сөздер арқылы нендей мағынаны мұрат

етіп, қандай сипатты қаласа, соған жалпылай иман

келтіреміз» деген шынайы мойынсынушылықты

білдіретін тәсілі жеткіліксіз еді. Міне, осындай қым-

қиғаш кезеңде қарапайым мұсылмандардың санасына

сызат, көңілдеріне күдік түсірмеу үшін философиялық

пікірлерге Ислами қисын жолымен жауап беру

қажеттілігі туындады. Осындай қажеттіліктің

нәтижесінде әлгіндей тура мағынасы Аллаһ тағаланы

басқа жаратылғандарға ұқсататын сөздердің ауыспалы

мағынасын таңдап, басқа астарлы мәндеріне жорамал

жасау тәсілі көптеп қолданыла бастады. Бұл жайлы

Абдуллаһ Дираз өзінің «әл-Мұхтар мин кунузус-сунна»

атты еңбегінде былай дейді: «Халафты тәуил жасауға

итермелеген себептердің бірі – мүшаббиһа, мүжәссима

және сол сияқтылардың бидғаттарының шығуы еді».

Байқағанымыздай, салаф ғалымдары болсын,

халаф білгірлері болсын, барлығының мақсаты –

Аллаһ тағаланы жаратылыстарға тән кемшіліктерден

пәктеп, ұлықтығына бас ию. Олардың тәсілдері

түрлі болғанымен, мақсаты біреу. Салаф: «Мұндай