329
Әбу Ханифа және ақидалық көзқарастары
сөздердің тура мағынасы Аллаһ үшін мүмкін емес.
Бұл сөздердің Аллаһ тағаланың ұлықтығына лайық
мағынасы бар, бірақ, біз оны нақты білмегендіктен,
ауыспалы мағынасын таңдап, тәуил жасамай-
мыз» деп, ақылдарына тоқтау салу арқылы толық
мойынұсынушылыққа барған. Ал халаф болса, Құран
араб тілінде түскендіктен, онда арабтардың өз ара-
ларында қолданатын ауыспалы мағынаны білдіретін
тәсілдері мен астарлы мәнді меңзейтін әдістері
де қолданылған. Сондықтан, белгілі бір ағзаны
яки жаратылыстарға тән іс-әрекеттерді білдіретін
сөздердің тура мағынасын Аллаһ тағалаға қолдануға
болмайтындықтан, олардың ауыспалы мағынасы
мен астарлы мәніне қарай жорамалдау қажет деген.
Жасалған жорамал, таңдалған мағына Құранның анық
аяттарында білдірілген Аллаһ тағаланың ұлықтығына
лайық сипаттарына сай жүргізілгендіктен, тәуил жа-
сауды қате санамаған»
570
.
570
Кеңірек мәлімет алу үшін қараңыз: Қ. Жолдыбайұлы,
«Дін мен
діл»
, 2010. 127-б.