Previous Page  327 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 327 / 400 Next Page
Page Background

327

Әбу Ханифа және ақидалық көзқарастары

сахабаларды көзі көрген табиғиндер, табиғиндарды

көзі көрген атбағут-табиғиндер кіретіні талассыз.

Салафғалымдарыаят, хадистердегі хабари сипаттар-

ды білдіретін сөздердің ағза мағынасындағы тура мәнін

қабылдамастан әрі Аллаһ тағаланы жаратылғандарға

ұқсатпастан және мұндай сөздердің Аллаһ мұрат еткен

мағынасының бар екенін қабылдай отырып, жалпы-

лай иман келтіреді. Салаф ғалымдарының мұндай

аяттардағы мүтәшабиһ сөздердің ауыспалы мағынасын

таңдап, астарлы мәніне үңілуден бас тартуының аста-

рында үлкен сақтық жатыр. Себебі, мұндай сөздердің

бірнеше ауыспалы мағынасы уә һәм бірқатар астарлы

мәні болуы мүмкін болғандықтан, оның нақты қайсысы

Аллаһ үшін мақсат етіліп тұрғандығы белгісіз. Яғни,

олардың көзқарасы бойынша Аллаһқа тікелей қатысты

мәселелерде тәуил

569

жасап, жорамалға бару – қатерлі.

Ал хабари сипаттарды түсінудегі екінші бағыт

– Аллаһ тағаламен байланыстырыла айтылған тура

мағынасы белгілі бір ағзаны немесе жаратылғандарға

тән іс-әрекеттерді білдіретін сөздердің араб тіліндегі

Ұлы Жаратушыға лайық келетін басқа ауыспалы

мағынасын іздеп, астарлы мәніне жорамал жасау

бағыты. Бұл бағыт салафус-салихиндердің кезінде аз да

болса кездесетін. Бірақ кейіннен Исламжағрафиясының

кеңеюі нәтижесінде мұсылмандар арасында түрлі

философиялық ағымдар пайда бола бастаған шақта,

бұл бағыттың кеңінен өріс алғанын байқаймыз. Себебі,

кейбір топтар хабари сипаттардағы сөздердің тура

мағынасын негізге алып, «Аллаһтың көзі, жүзі, екі

қолы, саусақтары, екі жаны, аяғы бар, тағына отыра-

569

Тәуил жасау – сөздің астарлы мәніне үңіліп, ауыспалы

мағынасын таңдау арқылы жорамалдау.