323
Әбу Ханифа және ақидалық көзқарастары
екенінің ап-айқын дәлелі
559
. Жал-жал толқындарға
қарамастан, өз бағытынан жаңылмай жүзіп бара
жатқан кемені көре тұра, оны шебер басқарушысыз
өз бетімен жүзіп барады деу ақылға қаншалықты
қонымсыз болса, алысқа бармай-ақ күн ғаламшарында
аспан денелерінің бір-бірімен соқтығыспай, белгілі бір
бағытта қозғалатынын білеміз. Ендеше, аспан денелерін
мінсіз басқарып тұрған, бәрін білетін, бәріне құдіреті
жететін Жаратушысыз өздігінен қозғалады деу де –
қисынсыз
560
. Осыларға ой жіберген әр адам Аллаһтың
бар екендігі жайлы ақиқатқа көз жеткізе алады. Осы
себепті, өзін ешкім дінге тікелей шақырмаса да, әр
адам Аллаһ тағаланың бар екеніне, бір екендігіне әрі
ұлылығына сенуге тиісті.
Аллаһ тағаланың сипаттары
Ақылмен бойлай отырып, ұлы Аллаһқа есімдер
таңылмайтындығы секілді сипаттарды да ешкім таңа
алмайды. Аллаһ өзін қай есімдер мен сипаттар арқылы
білдірген болса, сол есім, сипаттармен ғана таныла-
ды. Оның ілім, ирада (қалау), хаят (тіршілік), құдірет,
кәлам (сөйлеу), самғ (есту), басар (көру) секілді субути
(Аллаһтың кемелдігін білдіретін сипаттар), жарату,
рызық беру, тірілту, өлтіру секілді фиғли (Аллаһтың
қалауына қатысты) сипаттары бар. Әбу Ханифа
бойынша Аллаһ бар, бірақ, басқа болмыстардың
бірде-біреуіне ұқсамайды. Аллаһ «тірі», бірақ, басқа
тіршілік иелері секілді емес. Сипаттары Өзінен бөлек
қарастырылмайды. Бүкіл есімдері мен сипаттары
559
Баязизаде, Ишаратул-мәрам, 75-85 б.
560
Нәсафи, Тәбсиратул-әдилла (баспаға дайындаған: Клаудия
Салама), Дамаск, 1993, І, 148-149; Баязизаде, Ишаратул-мәрам,
90-127, 212-219 б.