Previous Page  320 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 320 / 400 Next Page
Page Background

320

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

қорғап, кейіннен әхлі-сүннет кәламшылары іске

асырған лафзи және нафси кәлам ерекшелігіне орта

дайындаған. Тағдырға сенудің қажеттілігін біліп,

адамның өз еркімен іс жасайтындығын мойындап,

жәбрия мен мұғтазиланы сынаған. Адамның мүмин

кезде кәпір, кәпір кезде мүмин бола алатындығын

айтып, жәбр (фатализм) түсінігінен бойын алшақ

ұстаған. Иманды тасдиқ (жүрекпен бекіту), мағрифат

және иқрар (тілмен айту) шарттарына сүйеп, иман

үшін мағрифатты жеткілікті санаған жахмияны және

тек қана тілмен айтуды жеткілікті деп білгендердің

ұғымын қабылдамай, амалдың иманнан бөлек

екенін, сол себепті, оның артып, не кемімейтінін

айту арқылы салафия, мұғтазила мен харижиттерден

өзгеше пікірде болған. Осылайша, ол ақиданың негізгі

мәселелерінде астамдық пен нұқсандыққа бармай,

орта жолды ұстанған сенім жүйесінің негіздерін

қалап, басым көпшілік ұстанатын сунниттік ақиданың

қалыптасуына жол ашқан. Анығында, иманның артып-

кемуі, иман мен исламның ара-қатынасы, иманда

ерекше жағдайлар секілді ұсақ мәселелерден тыс

Мәлік ибн Әнас, Шафиғи, Ахмед ибн Ханбәл Әбу

Ханифаның көзқарасын құптаған. Әбу Ханифаның

көзқарастарын Әбу Жағфар әт-Тахауимен, әсіресе,

шәкіттері арқылы жалғасын тапқан ғылыми тізбекте

орны бар Әбу Мансұр әл-Матуриди мен Әбул-Муин ән-

Нәсәфилер дамытып, кең жайған

556

. Сенім мәселелерін

556

Матуриди,

Китабут-Таухид,

420, 593, 615 б. Нәсәфи,

Тәбсиратул-әдиллә, І, 161-162, 357, 533, 544, 2-т, 705-беттен

Ю. Шевки Явуз, Ебу Ханифенин итикади гөрүшлери ве сунни

келамын олушумуна еткилери, Имамы Ағзам Ебу Ханифе ве

дүшүнже системи, 16-19 Еким, 2003, семпозиум материалдары,

Куран араштырмалары уакфы, Бурса, 2005, 2-т., 151-152-б.