318
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
Әбу Ханифаның сунниттік ақиданың
қалыптасуына жасаған ықпалы
Көріп отырғанымыздай, сол кезде орын алған
тарихи оқиғалар саяси топтармен қатар діни топтардың
шығуына ықпал етті. Жоғарыда да айтып өткеніміздей,
Ислам тарихының алғашқы кезеңдерінде Куфа саяси
толқулардың ошағы еді. Харижиттер мен шииттердің
маңызды орталықтарының бірі болды. Сонымен қатар,
оның кезеңінде мұсылмандар арасында қадария,
жәбрия, мүржия, муғтазилә секілді түрлі түсінікті
ұстанған топтар шығып, қызу пікірталастар орын ала
бастады. Әбу Ханифаның ақида ілімімен айналысуы-
на осы жағдайлар өзіндік әсерін тигізді. Ол саналы
ғұмырын осындай дінбұзарларға қарсы күресіп,
Ислам дінінің дұрыс сенімін қалыптастыру жолында
жұмсады
552
.
Әбу Ханифа Ислам әлемінде туындаған саяси,
дүниетаным және сенім бойынша «қырықпышақ»
болып бөлінуі нәтижесінде, әуелі Құран кәрімге,
екіншіден, оған қайшы келмейтін сахих хадистер-
ге сүйене отырып, Ислам ақидасын анықтауға
тырысқан ерте кезеңдегі мұсылман ойшылдарының
көшбасында тұрған тұлғалардың бірі болып табыла-
ды. Аят-хадистер мен ақылды қатар пайдаланып, сенім
мәселелерін түсіндіру үшін ақыл тұрғысынан қияс
жасап, көзқарастарын Құран кәрім, сахих хадистер
552
Әбу Ханифа – адасқан ағымдарға ең алғашқы болып қарсы
соққы берген имам. Абдулқахир әл-Бағдади өзінің «Усулуд-
дин» атты кітабында оның фиқһ ғалымдары мен мәзһаб
имамдарының арасында алғашқы болып қадария ағымына
қарсы кітап (Фиқһул-акбар) жазғандығын атап көрсеткен.
Қараңыз: Бағдади,
Усулуд-дин,
307-беттен Ғауижи, 299-б.