Previous Page  321 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 321 / 400 Next Page
Page Background

321

Әбу Ханифа және ақидалық көзқарастары

талқылау әрі қамту тұрғысынан Әбу Ханифаның

ілімінен көп сусындаған Матуриди оған жиі жүгінетін

әрі оның пікірлерін негізге алатын. Әбул-Муин

Нәсәфи Самарқанд ғалымдарының Әбу Ханифаның

көзқарастарын мәзһабқа айналдырғанын білдірген.

Кейінірек, Матуридидің ізін басқан ғалымдар дамытқан

сенім тұрғысындағы көзқарастар бүгінгі күнге жетіп,

осы көзқарасты жақтайтын мәзһаб матуридия деген

атпен танылған

557

.

Әбу Ханифа фиқһпен қатар ақида саласында да

имам. «Ал олай болса, ханафилер неге Әбу Ханифаның

көзқарастарын емес, матуридилікті ұстанады?» деген

мәселеге қысқаша тоқтала кетейік. Жоғарыда айтып

өткеніміздей, Әбу Ханифаның кезеңінде ақида өз

алдына «отау тігіп», дербес ғылым саласы ретінде

әлі қалыптаспаған болатын. Ол кезде фиқһтың ішіне

ақидамен қатар ахлаққа қатысты мәселелер де кіретін.

Ал дәстүрлі сунниттік ақида ілімін жүйелеп-дамытқан

– имам Әшғари мен имам Матуриди.

Негізінен «фиқһ» (шариғат) пен «ақида» екі бөлек

пәндер. «Фиқһ» мұсылманның Аллаһ тағалаға жасай-

тын құлшылықтары туралы қағидаларды, ал «ақида»

иман негіздеріне қатысты мәселелерді қарастырады.

Имам Әбу Ханифа бастапқыда «ақида» саласын-

да кітап жазғанымен, ол өте ықшамды түрде бола-

тын. Ол көбіне «фиқһ» ілімімен айналысты. Ал имам

Матуриди фиқһ пен ақида саласында ханафилікті

ұстана отырып, заманының қажеттілігіне орай,

туындаған мәселелерге жауап беру үшін жаңа тәсіл

қолдана отырып, ақида саласын кең дамытты. Міне,

сондықтан ақида саласында матуридилікті ұстанамыз.

557

Шевки Явуз, бұл да сонда, 152-б.