317
Әбу Ханифа және ақидалық көзқарастары
Кәләм мектебінің өкілі ретінде пайда болған
мұғтазила мәзһабы Ислам дінінің негізгі үкімдерін
орнықтырып-жүйелеу, түсіндіріп-дәлелдеу, қарсы
пікірлергежауап беру секілді мәселелермен айналысқан.
Саяси һәм пәлсапалық мәселелерге осы тақырыптарды
қозғай отырып келеді.
Олар сенімдерін «Усулу-хамса»
551
деп атаған, бес
қағидаға негіздеген. Мұғтазила саналу үшін осы бес
негізді қабылдау шарт болып табылады. Қады Аб-
дулжаббар олардың осы бес негіздің біреуіне қарсы
шығып, қабылдамағандарды кейде кәпір, кейде
пасық, кейде қателесуші қатарына қосқандықтарын
айтады. Олардың ойынша мулхида, муаттыла,
дәхрилер мен мушаббиха тәухидқа, жәрбрия адалаға
(әділдік), мүржиялықтар әл-уағд уәл-уағидқа, хари-
життер мәнзилә бәйнә мәнзиләтәйнге және имамия
әл-амру бил-мағруф уә нәхию анил-мункар негіздеріне
қайшы келген. Муғтазилиттердің ортақ қабыл еткен
бес қағидалары осындай топтармен күрес кезінде
қалыптасып, бекіген.
Мұғтазилиттердің басты ерекшелігі, ақылға
айрықша көңіл бөлуінде. Олар сырттай ақылға
қайшы көрінген аят-хадисті логикалық тәсіл бойын-
ша түсіндірді. Әсіресе, сенім мен иман мәселелерінде
ақылға көбірек жүгінді. Олар Ислам философиясының
негізін қалап, кәләм ілімін жандандыра түсті.
551
1. Тәухид, 2. Адл (әділдік), 3. әл-Уағд уәл-уағид (Уәде мен
қорқыту), 4. Мәнзилә бәйна мәнзиләтәйн (Екі арада болу), 5.
әл-Амру бил-мағруф уә нахию анил-мункар (Жақсылыққа
шақырып, жамандықтан тыю). Осы қағидларға қатысты
кеңірек мәлімет алу үшін қараңыз: Ислам энциклопедический
словарь, 175-176; Ислам ансиклопедиси, ТДУ, Стамбул, 2006,
31-т., 391-401-б.