Previous Page  316 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 316 / 400 Next Page
Page Background

316

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

Ендеше, сен надандардан болма»

549

; «Аллаһ олардың

жүректеріне, құлақтарына мөр басқан әрі көздерінде

перде бар»

550

деген аяттарды келтіреді. Яғни, Аллаһ

қаласа, адам дұрыс жолға түседі, қаламаса, сол кеткені

кеткен, өмірбақи адасып өтеді, олар, сондай-ақ, бірқатар

хадистерді де бұрмалап түсіндірген. Жәбрия өз ішінде

қатаң жәбрия және орташа болып екіге бөлінеді.

Мұғтазила

«Мұғтазила» сөзі «дараланған», «оқшауланған»,

«бөлектенген» дегенді білдіреді. Мұғтазила мәзһабы

VIII ғасырда үлкен күнә жасаған мұсылманның

жағдайы жайлы харижиттер мен мүржияның алға

тартқан пікірлеріне қарсы Уасыл ибн Ата мен Амр

ибн Ұбәйдтің жаңаша көзқарас білдіруі арқылы пайда

болған.

Мұғтазила мәзһабының шығуын ішкі себептер-

мен қатар Иран діндері, христиандық, иудейлік және

Грек философиясымен байланыстырған ғалымдар да

кездеседі. Десе де, ол ағымның шығуына мына екі

негізгі себептің әсер еткенін айтуға негіз бар: 1. Үлкен

күнә, Аллаһ тағаланың сипаттары, адамның еркіне

тәуелді іс-әрекеттер, Құранның махлуқ болуы және

т.б. осы секілді ішкі саяси-идеологиялық себептер;

2. Болмыстың ақиқаты, жаухар, араздық, қозғалыс,

тұрақтылық секілді тақырыптарға қатысты сыртқы

себептер. Бірақ, мұғтазилиттердің екінші мәселедегі

ұстанымдары пәлсапалық ойларды сол қалпы көшіріп

алу түрінде емес, оларға жауап беру, игеру, басынан

қайта құру мен жоққа шығару тәсіліне негізделген.

549

«Әнғам» сүресі, 35-аят

550

«Бақара» сүресі, 7-аят