Previous Page  322 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 322 / 400 Next Page
Page Background

322

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

Матуридиліктің өзі Әбу Ханифаның көзқарастарының

негізінде қалыптасқандықтан, мәзһабы ханафилік

деп аталып кеткен. Яғни, оның жолы ханафиліктен

бөлек емес, қайта оның жалғасы. Бірақ, жоғарыда

да атап өткеніміздей, имам Матуриди заман талабы-

на қарай Исламды бұра тартпақ болған ағымдардың

жаңсақ пікірлерінің мұсылмандар арасында таралуын

тізгіндеу мақсатында, дәстүрлі сунниттік көзқарастың

шеңберінен шықпай қажырлы еңбек етіп, жүздеген

шәкірт тәрбиелеп, Орта Азияда ханафиліктің дамуына

үлкен үлес қосқан ғұлама

558

.

ІІ. Әбу Ханифаның сенімге

қатысты көзқарастары

1. Улухият (Тәңір жайлы түсінік)

ӘбуХанифаАллаһ тағаланыңбар екендігіндәлелдеу

мақсатында һәм діни мәтіндерге һәм ақылға негізделген

дәлелдерді қолданумен қатар, көбіне Жаратқанның бар

екенін қабылдамайтын дінсіздер және дінбұзарларға

(бидғатшылар) қарсы күрескендіктен, рационалдық

дәлелдерге жиі жүгінген. Оның өзін Құраннан алған.

Имам Ағзамның түсінігі бойынша, Аллаһ тағала

ғаламды да, өзге барлық жаратылыстарды да жоқтан

бар етіп жаратқан. Көктер мен жердің мінсіз жара-

тылуы, жаратылыстардың түрден түрге енуі – бәрі

де асқан білім, хикмет иесі бір Жаратушының бар

558

А. Әділбаев,

Орта Азиядан шыққан ғұлама – Матуриди

//

Исламтану және араб филологиясы мәселелері, Халықаралық

ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары (2006 ж.),

Алматы, «Нұр-Мүбарак», 2006, 94-95-б.