326
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
пікірін жаюға тырысқан Ғассан әл-Куфи тарапынан
жабылған жала екендігі белгілі болған
566
. Әбул-Муин
ән-Нәсәфи Әбу Ханифаға қарата айтылған бұл сөздің
негізсіз екенін білдіргеннен кейін, оның мәзһабын
ең жақсы білетін Әбу Мансұр әл-Матуридидің
«Китабут-таухид» пен «Мақалатта» да оған бұндай
көзқарас таңбағандығын айтқан. Өйткені, бір тектес
болу (мүжанәсат) мағынасына келетіндіктен, Әбу
Ханифаның мұндай жаңсақ пікірде болуы мүмкін
емес
567
.
Осы тұста мына бір маңызды мәселені айта кеткен
жөн. Қазіргі таңда кейбір бауырларымыз «Сендер
ханафилікті ұстанамыз дей тұра, әрі матуридиміз
дейсіңдер, ал Әбу Ханифа сәләфи болған. Мату-
риди және әшғарилар секілді хабари сипаттарды
жорамалдамаған. Олар адасқан, нағыз сәләф бізбіз»
568
деген секілді сырттан келіп жатқан шикі пікірлерді та-
ратып, жамағаттың жүрегіне күмән ұялатуға тырысу-
да.
Жалпы сунниттік көзқарастағы ғұламалардың
хабари сипаттарға байланысты ұстанымдары мына екі
бағытта өрбиді:
«Біріншісі, көпшілік салаф ғалымдарының
көзқарастары. Салаф – бұрынғылар дегенді білдіреді.
Оған ең әуелі Пайғамбарымызды көзі көрген сахабалар,
566
Мақдиси,
әл-Бәд уәт-тарих
(Клемент Хуарт), Париж, 1899, І,
184; Тафтазани,
Шәрхул-мақасид,
Стамбул, 1277, ІІ, 50.
567
Нәсафи,
Тәбсиратул-әдилла,
І, 161-62, Нәубахти,
Фирақуш-
Шия,
Стамбул 1931, 7-14 б.
568
Кейбір ғалымдар өздерін «сәләфиміз» деп танытып жүрген
топтың кейін пайда болған барып тұрған бидғатшылар, яғни,
дінбұзарлар екенін атап көрсетуде. Р. әл-Бути, Салафия, Ансар
баспасы, Москва, 2008