325
Әбу Ханифа және ақидалық көзқарастары
рады. «әл-Фиқһул-абсат» атты кітабында
«Аллаһтың
қолы олардың қолдарының үстінде»
563
деген аяттағы
иәд (қол) жаратылғандардың қолы секілді емес, белгілі
бір ағза да емес. Ол – қол атаулының барлығын Жара-
тушы...
«Оған ұқсайтын еш нәрсе жоқ. Ол Естуші
һәм Көруші»
, – дейді
564
.
Аллаһ зәру болмаса да, көктердің үстіндегі Арышқа
орныққан. әл-Уасияда «Аллаһ тағала Арышты және
оның тысындағыларды еш нәрсеге кіріптар етпей
қорғауда. Егер ол мұқтаж болса, жаратылғандар секілді
күллі ғаламды жаратып, оны басқаруға шамасы келмес
еді. Егер Аллаһ тағаланың отыруға немесе бір мекен-
ге қажеттілігі болса, Арышты жаратпастан бұрын
қайда еді? Аллаһ тағала – мұндай сипаттардан пәк
әрі ұлық». Мекенге қажеттілік сезінбеген Аллаһ за-
тымен емес, ілімі және иләһи көмегі арқылы тіршілік
иелерінің қасынан табылады. Аллаһ тағала пайда бо-
латын тіршілік иелері мен құбылыстардың бәрін де әлі
болмай тұрып алдын ала біледі, Ол бұны білмейді деген
адам мұсылман бола алмайды. Неге десеңіз, Аллаһқа
білмеу, яки хабарсыздық тән емес
565
. Аллаһ Өзі қалаған
бейнеде, бізге беймәлім кейіпте мүминдерге жаннатта
көрінетін болады.
Хасан ибн Мұса ибн Нәубахтиге тән «әл-Ара
уәд-Диянат» секілді кейбір еңбектерде «Әбу Ханифа
Аллаһқа болмыс-бітім теліген» деген риуаяттар
кездескенімен, олардың сенімсіздігі әшкереленіп, өз
563
«Фәтіх» сүресі, 10-аят
564
«Шура» сүресі, 11-аят
565
Нәсәфи,
Тәбсиратул-әдилла
(баспаға дайындаған: Клаудия
Салама), Дамаск, 1993, ІІ, 705; Әбу Ханифа, әл-Уасия, Стамбул,
1981, б. 73; Баязизаде, Ишаратул-мәрам, 186-198-б.