330
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
2. Құранның жаратылғандығы мәслесі
(Халқул-Құран)
Бұл – Ислам әлемінде мұсылмандардың арасында
кейбір жағымсыз жайттардың орын алып, көптеген
ғалымдардың қуғын-сүргін көріп, азап тартуына себеп
болған тақырыптардың бірі
571
.
Бұл тақырып Әбу Ханифаның кезеңінде әлі терең
талқыға түспегенімен, кейбір кісілер «Құран махлұқ»,
яғни жаратылған, деген әңгіме тарата бастаған. Олар:
«Құран Пайғамбарымыздың ең үлкен мұғжизасы, бірақ,
Аллаһтың жаратқаны (махлұқ)», – деді. Бұны тарихта
алғаш айтқан адам – Жағд ибн Дирхам. Оны Хорасан
әкімі Халид ибн Абдуллаһ өлім жазасына кескен.
Имам Ағзамға өз кезеңінде дұшпандары жала
жауып, Құран махлұқ, яғни, жаратылған деген
көзқарасы үшін екі рет тәубе етуге шақырылған деген
секілді жалған хабарлар тараған. Әбу Захра бұл хабар-
ларды оның дұшпандарының таратқандығын, алайда,
571
Хижраның 212 жылы халифа әл-Мәмун Құран кәрімнің
жаратылғандығы туралы пікірді алға тартқан муғтазилилердің
ықпалына еріп кетеді. Ол ортодоксалды мұсылман ғалымдары
мойындамаған көзқарасты қолдап, оны тіпті, мемлекеттің рес-
ми идеологиясы ретінде жариялайды. Бұл жайт ғалымдардың
келіспеушілігіне әкеліп соққандықтан, халифа әл-Мәмун
бұл көзқарастарды мәжбүрлі түрде енгізуге әрекет қылады.
Нәтижеде, ол пікірін қолдамаған ғалымдарды қудалай баста-
ды. Оның жолын кейін халифа болған бауыры әл-Муғтасим
(218-227) жалғастырды. Осы үрдіс одан кейінгі кезеңдерде әл-
Уәсиқтің (227-232) халифалығы тұсында да жалғасын тауып,
халифа әл-Мутәуәккилдің (232-247) билігі кезінде аяқталған
болатын. Бұл оқиға ислам тарихында «михнат» деген ат-
пен орын алды. Ахмед ибн Ханбәл сынды көптеген танымал
мұсылман ғалымдары жапа шекті., Қ. Құрманбаев, Хадис ілімі,
103-104-б.