333
Әбу Ханифа және ақидалық көзқарастары
асатындығы айтылған. Аллаһ тағала жақсы-жаманды
барлық нәрсені терең ілімімен алдын-ала біліп, сол
іліміне қарай лаух-ы махфузға жазып қойған
579
. Осы
арқылы мүминдерді иманға, кәпірлерді күпірге «итер-
мелеместен» баршаға өзінің дербес қалауымен әрекет
етуіне мүмкіндік берген. Сондай-ақ, әр адамға қаласа,
иман етуіне, қаламаса, иман етпеуіне қажетті ерік-
жігер берген.
Адамға берілген таңдау еркі иман етуге де, етпеуге
де мүмкіндік береді. Иман етуге де, иман келтірмеуге
де екі бөлек ерік қажет емес. Өйткені, Аллаһ
әркімнің тағдыр-талайын өзіндік дербес қалауымен
анықтайтындай етіп жазған. Осы себепті, ешкім де
анасынан мүмин немесе кәпір болып тумайды, мүмин
болып жүріп кәпір, кәпір болып жүріп мүмин де бола
алады.
Аллаһ тағала құлдарының іс-әрекеттерін жа-
ратады. Пенделер болса, қай амалды жасауды
өздері іштей қалайды (кәсб). Егер пенде өз ісін өзі
жаратқанда, оларды қалауынша жасап, әр қалағанын
жүзеге асыра алуы тиіс еді. Шынтуайтында, пенде әр
қалағанын орындай алмайды. Іс-амалдарын жасау күші
(иститағат) істен бұрын емес, іс барысында құлдарға
берілген. Егер пенде істі жасаудың алдында бұл
күшке ие болған болса, Аллаһқа мұқтаж болмас еді.
Ал Құранда пенделердің сәт сайын Аллаһқа мұқтаж
екендіктері айтылған
580
. Күш-қуат істі жүзеге асырудан
кейін де пендеге берілмеген. Өйткені, ондай жағдайда
579
Матуриди, Китабут-таухид (баспаға дайындаған Бекир
Топалоғлы – Мұхаммед Аручи) Анкара, һ. 1423, 483-б; Баязи-
заде, сонда, 266-279 б.
580
«Фатыр» сүресі, 15-аят; «Мұхаммед» сүресі, 38-аят