337
Әбу Ханифа және ақидалық көзқарастары
қайта жазасы мен жақсы амалдарының қарымын беру
үшін қайта тірілтеді. Өйткені, Аллаһ тағала
«Аллаһ
қабірдегілерді міндетті түрде қайта тірілтеді»
594
деген. Сонымен қатар, Құранда
«Қиямет күні үшін
әділдік таразыларын құрамыз»
595
деген аяттар мен
басқа да хадистерді сөздеріне дәлел ретінде келтіреді.
Ал басқа бір дереккөздерде болса, жаннат пен
жаһаннамның мәңгілік еместігіне, жаратылған
барлық нәрсенің міндетті түрде жоқ болуы қажеттігіне
сенетіндігі риуаят етілген
596
. Алайда, мұндай көзқарасты
айтқан кісінің Жәхм ибн Сафуан екендігі әрі Әбу
Ханифаның оны қатты сынға алғанына қарағанда, бұл
көзқарастың да Әбу Ханифаға тән еместігін аңғару
қиын емес
597
.
6. Иман-Ислам анықтамасы
«әл-Фиқһул-акбарда» және басқа да еңбектерде
келтірілген деректерге орай, Әбу Ханифаның
қөзқарасында «Иман тілмен айтып, жүрекпен
бекітуден тұрады»
598
. Иман толық саналу үшін бұл
айтылғандардың біреуін елеусіз қалдыруға болмайды.
Мәселен, құр тілімен ғана кәлима келтіріп, ділімен
иланбаған екіжүзділердің және хазірет Мұхаммедтің
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
шын пайғамбар екендігін біле тұра
пайғамбарлығын мойындамаған әхлі-кітапты мүмин
деп қабылдау керек еді. Анығында, Құранда ақиқатты
мойындамауда табандап тұрып алған екіжүзділер
594
«Хажж» сүресі, 7-аят
595
«Әнбия» сүресі, 47-аят
596
Бағдади,
Тарих
, 13-т., 399-400-б.
597
Шевки Явуз, 148-б.
598
Фиқһул-акбар
, Хайдарабад, 10-б.