Previous Page  338 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 338 / 400 Next Page
Page Background

338

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

мен әхлі-кітап кәпір ретінде қабылданған

599

. Бұған

қоса, Құранда шындықты тілімен мойындаудың бір

өтеуі ретінде, әхлі-кітаптан кейбіреулерінің жан-

натпен сүйіншіленгендігінің білдірілуі

600

тілмен

айтудың иманға қажетті талаптардың бірі екендігін

көрсетуде

601

.

Адамдар мақұлдау-мойындау тұрғысынан 3

дәрежеге бөлінеді: 1. Аллаһ тағаланы әрі Одан келген

нәрселерді һәм тілімен һәм жүрегімен мойындайды;

2. Жүрегімен қабылдап, тілмен айтпайды; 3. Тілімен

мойындайды, бірақ жүрегімен бекітпейді. Кім һәм

жүрек һәм тілімен мойындаса, ол Аллаһ тағаланың

әрі адамдардың алдында мүмин. Жүрегімен мойын-

дап, тілімен айтпағандар Аллаһтың алдында мүмин,

адамдардың алдында кәпір. Бұл кісінің жүрегімен

иланғанына қарамастан, тақия жасау арқылы, яғни

өзіне келетін зияннан сақтану үшін иманын жасырып,

тілімен күпірлікті айту жағдайына қатысты

602

. Жұрт

иманын жасырғандықтан, оны кәпір санағанымен

Аллаһтың алдында мүмин болып табылады. Ал тілімен

айтып, жүрегімен бекітпегендер мұсылмандардың ал-

дында мумин саналдғанымен, Аллаһ тағаланың алдын-

да кәпір

603

.

599

«Мұнафиқун» сүресі, 1-аят, «Бақара» сүресі, 146-аят, «Әнғам»

сүресі, 20-аят.

600

«Маида» сүресі, 85-аят.

601

Бәззәзи,

Манақиб

, 2-т., 201-202-б.

602

Бұған Аммар ибн Ясирдің мысалын беруге болады. Өйткені

оны мүшріктер қинаған кезде тілімен күпірлікті айтқан бола-

тын. Пайғамбарымыз оның жүрегіндегі иманының беріктігін

білгендіктен бетіне басып, сөккен жоқ.

603

Беязизаде,

Имамы Азам Ебу Ханифенин итикади гөрүшлери,

119-122-б.