Previous Page  341 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 341 / 400 Next Page
Page Background

341

Әбу Ханифа және ақидалық көзқарастары

Пайғамбарға түсірілгенді тыңдағанда шындықты

танығандықтарынан көздерінің жасқа толғанын

көресің. Олар:

«Уа, Раббымыз! Иман келтірдік, бізді

куә болушылардан жаза көр!» – дейді. Аллаһқа, әрі

өзімізге келген шындыққа неге иман келтірмейміз?

Өйткені, Раббымыздың игі елдермен бірге етуінен

үміт етеміз. Сонда Аллаһ оларға бұл айтқан сөздері

үшін астарынан өзен ағатын, сол жерде мәңгі бо-

латын бақшаларды бағыштады. Жақсылықтың

бодауы осы»

606

.

Бұл аятта Аллаһты тану мен қатар тілдерімен

де айтқандықтары үшін адамдардың жаннатқа

кіргендіктері айтылған. Жүректерімен сеніп, тілдерімен

растап отырғандары үшін мұсылмандардың қатарынан

саналған.

Тағы бір жерде Аллаһ тағала:

«Біз Аллаһқа,

бізге түсірілген Құранға, әрі Ибраһим, Исмайл,

Ысқақ, Жақып және ұрпақтарына, Мұса мен Исаға

берілген нәрселерге, сондай-ақ, Раббылары тарапы-

нан өзге пайғамбарларға берілген нәрселерге иман

келтірдік. Әрі олардың араларын бөлмейміз және

біз Аллаһқа бойсұнғандарданбыз» деп айтыңдар.

Егер олар сендер секілді сенсе, онда рас тура жол

табар еді»

607

деген.

Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

«Лә иләһә

иллаллаһ» деп айтып, екі дүниеде де табысқа

жетіңдер»

дейді. Олай болса, табысқа жету жолы, тек

Аллаһтың сипаттарын танып қана қою емес, осы сөзді

айтуда жатыр. Тағы бір хадисінде Аллаһ елшісі

(саллаллаһу

аләйһи уә сәлләм)

«Кімде-кім Аллаһтан басқа тәңір жоқ»

606

«Маида» сүресі, 83-84

607

«Бақара» сүресі, 136-137