Previous Page  343 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 343 / 400 Next Page
Page Background

343

Әбу Ханифа және ақидалық көзқарастары

«Өз ұлдарын қалай таныған болса, оны да тап

солай таниды»

611

.

Бірақ, Аллаһты мойындамағандықтан, олардың

Аллаһты танып білгендіктері ешқандай пайда

бермеді.

Бұларды тыңдап ұғып алған Жәхм: «Маған көп

нәрсе түсіндірдің, кейін саған тағы да келіп көкейімдегі

сауалдарымды қоямын» дейді

612

.

Иманның артып-кемуі

Иманның

артып-кемімейтіндігін,

сенген

адамның «Шынайы мүминмін» деуі керектігін,

бүкіл мүминдердегі иманның бір-біріне ұқсас екенін

айтқандығы үшін, Әбу Ханифа сәләф ақидасын

ұстанатын хадис ғалымдары тарапынан қатты сынға

ұшыраған. Тіпті, кейбір деректерде «Әбу Ханифа Ибн

Әбу Ләйлә, Суфиян әс-Сәури т.б. секілді ғалымдар тара-

пынан екі рет күпірден тәуба етуге шақырылған-мыс»,

«Бидғатшы болғандықтан, оның пікірлеріне құлақ асу

жөн емес» деген секілді риуаяттарға да орын берілген.

Оны кейде жахмияға, кейде мүржияға тән әрекетке

барды деп айыптаған.

Әбу Ханифаның кейбір сөздеріне қарағанда,

жүрекпен қабылдау иманның негізгі талабы

болғандықтан, иманның артып-кемуі турасында сөз

қозғаудың өзі ақылға сыймайды. Негізінен, иманның

артып-кемуі таза теориялық мәселе. Өйткені, имам Әбу

Ханифа пайғамбарлар мен періштелерді де қосқанда

мүминдердің иманы бір-біріне ұқсас деумен қатар ара-

ларында айырмашылық бар екенін де атап көрсетеді.

Осыған байланысты «әл-Алим уәл-мутааллим»

611

«Бақара» сүресі, 146

612

Мекки,

Манақиб

, 1-т., 145-148-б.