Previous Page  339 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 339 / 400 Next Page
Page Background

339

Әбу Ханифа және ақидалық көзқарастары

Әбу Ханифа «әл-Алим уәл-мутааллим» атты

кітабында «Иман жүрекпен бекіту, мағрифат (дәлелмен

білу) және оны тілмен айтудан тұрады. Ал Ислам –

пенденің Аллаһты Жаратушы Ие деп танып, тілмен

айтуы, Оған терең иманмен илануы. Бұлар сөздік

тұрғыдан әр түрлі болғанымен, екеуінің мағынасы бір.

Оның мағынасы – иман. Өз кезегінде Ислам «берілу»

және Ұлық Аллаһтың бұйрықтарына мойынсұнуды

білдіреді»

604

, – дейді. «әл-Фиқһул-акбарда» сөздік

тұрғыдан иман мен Ислам бір-бірінен бөлек дегенімен,

имансыз Исламның, ал Исламсыз иманның мәні жоқ.

Ал дін – иман, Ислам мен шариғаттардың барлығына

берілген ортақ атау

605

.

Осы мәселені анығырақ түсінуіміз үшін Әбу

Ханифаның Жәхм ибн Сафуанмен әңгімесіне зер

салайық.

Бірде Жәхм Ибн Сафуан Әбу Ханифаға былай

дейді:

– Уа, Әбу Ханифа, сенімен сөйлесетін бір-екі

мәселелерім бар еді.

– Уақытымды босқа өткізгім келмейді. Сенімен

айтысу өз еркіңмен отқа түсумен тең, – дейді оған Әбу

Ханифа. Сонда Жәхм:

– Айтар сөзімді тыңдамастан, неге мен жайлы

бұлай үкім бересің? – дейді.

– Сен жайлы небір сөздерді есіттім. Меніңше,

мұсылман адам бұлай сөйлемес болар.

604

Әбу Ханифа,

әл-Алим уәл-мұтааллим.

11-б.; Ибн Хазм, әл-

Фасл

фил-миләл уәл-ахуа уән-нихал

(баспаға дайындаған Мұхаммед

Ибраһим Наср-Абдуррахман Ұмайра), Жидда 1982, 3-т.,

227-б.

605

Фиқһул-акбар, 11-б.