Previous Page  334 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 334 / 400 Next Page
Page Background

334

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

іс иститағатсыз жүзеге асуы тиіс, бұл болса мүмкін

емес жағдай. Бұндағы мән – Аллаһ құлдың бойындағы

иститағатты (жасау қабілетін, шамасын) жарату-

шы, ал сол істің жақсы, яки, жаман жолда қолданып,

әрекет етуі құлға тән (касб). Осы түсініктемелерді

берумен қатар Әбу Ханифа ерекше сақтық таныта

отырып, Арнайы көзілдіріксіз күнге қарау мүмкін

болмағанындай, тағдыр мен құлдардың іс-қимылы

мәселесін де ақылдың танып-білу мүмкін емес екенін

айтады

581

.

4. Пайғамбарлық: Мұғжиза және исмә

(бейкүнәлік)

Әбу Ханифа «әл-Фиқһул-әкбарда» былай деген:

«Пайғамбарымызға берілген мұғжизалар – ақиқат.

Пайғамбарымыздың саусағымен айды екіге бөлуі,

миғражға шығуы осы оқиғаларға жатады. Бәлхи мен

Харизмидың риуаяты бойынша Әбу Ханифа былай

деген: Маған Хайсам ибн Хабиб әс-Сайрафи Амир

әш-Шағбиден, ол Ибн Масғұдтан (р.а.) былай дегенін

жеткізді: «Хазірет Пайғамбарымыз заманында ай орта-

сынан қақ бөлінді»

582

.

Әбу Ханифа «әл-Фиқһул-әкбарда» былай дейді:

«Миғраж хабары – ақиқат. Кім оны өтірікке баласа,

бидғатшы әрі ниеті бұзық болып саналады.

Аллаһқа сендім дегенмен, хазірет Мұхаммедтің

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

пайғамбарлығына иман келтірмеген

581

Беязизаде, сонда, 150-165-б., 182-183-б, 243-б., 254-б.; Шевки

Явуз, 147-б.

582

Мүслим,

Сыфатул-мұнафиқин,

8; Тирмизи,

Тәфсирул-Құран,

54; Ахмед ибн Ханбәл, 1/447; Харизми,

Жамиул-мәсанид,

1/163.