332
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
Әбу Ханифа Құранды махлұқ деген болса, Бұхари осы
тақырыпқа жазған «Һалқу әфғалил ибад» атты еңбегінде
мұны сөз еткен болар еді. Әшғари да «Мақалатында»
Құранның махлұқ екенін айтушылардың кімдер
екенін атағанымен, олардың арасында Әбу Ханифа
көрсетілмеген
574
.
Имам Ағзам осы тақырыпқа қатысты «әл-Фиқһул-
акбар» мен «әл-Уасияда» өз көзқарасын «Құран – ұлық
Аллаһ тағаланың сөзі. Ол жаратылған емес... Кімде кім
Аллаһтың сөзін махлұқ десе, Аллаһ тағаланы жоққа
шығарған болады»
575
деп, кесіп айтқан.
3. Тағдыр және пенделердің іс-әрекеттері
Әбу Ханифа тағдыр туралы пікір білдіруден тар-
тынатын әрі достарын да сақтандыратын. Юсуф ибн
Халид Басрадан келген кезде оған: «Бұл – күрмеуі көп
күрделі мәселе. Бұған кімнің шамасы жетер дейсің?
Бұл – кілті жоғалып кеткен, шешімі жұмбақ сандық
болғандықтан, оны тек қана Аллаһтан ашық-айқын
хабармен келгендер ғана аша алады»
576
деп, мәселенің
күрделілігін ескерткен. Ғаламда пайда болған барлық
нәрсе иләхи тағдыр мен қазаға қарай орын алады.
Өйткені, Құран
577
мен хадистерде
578
барлық нәрсенің
жаратылмай тұрып, алдымен жазылғандығы және
орын алатын барлық нәрсенің осы жазмышпен жүзеге
574
Ю. Шевки Явуз, Ебу Ханифенин итикади гөрүшлери ве сунни
келамын олушумуна еткилери, Имамы Ағзам Ебу Ханифе ве
дүшүнже системи, 2-т., 146-б.
575
Беязизаде, 98-б.
576
Әбу Захра, Әбу Ханифа, 158-б.
577
«Қамар» сүресі, 49, 52-53-аяттар, «Юнус» сүресі, 34 және 99-
аяттар.
578
Малик ибн Әнас, әл-Муатта, Қадар 14; Тирмизи, Иман 4