Previous Page  345 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 345 / 400 Next Page
Page Background

345

Әбу Ханифа және ақидалық көзқарастары

Аллаһқа және пайғамбарына иланбайды, қайта

Аллаһқа және Пайғамбарына сенгендіктен құлшылық

етеді.

Құранда да алдымен иман ету, содан кейін

барып амал ету мәселесінің айтылуы да амалдың

иманнан бөлек екендігін көрсетеді

614

. Хайыз бен

нифас жағдайларында әйелдердің кейбір парыздардан

босатылуы да осы мәселеге дәлел. Өйткені, мұндай

күйдегі әйелдер құлшылық жасамағанына қарамастан,

мұсылман болып қала береді.

Әбу Ханифа бойынша күнә істеу мүминді иман-

нан ажыратпайды. Өйткені, Құранда зина жасап, кісі

өлтіргенді имансыз демеген, бір түйір жақсылық

жасаушыға да сауабы берілетіндігі білдірілген. Хазірет

Али де өзіне қарсы соғысқан Шамдықтардың мүмин

екендігін айтқан. Егер күнә жасау адамды діннен

шығаратын болса, ширктен кейінгі күнәның ең үлкені

кісі өлтірушіні хазірет Али кәпір деп атаған болар еді.

Бұл бір жағы сахабалардың да осы мәселеге деген

көзқарасын ұқтыруда

615

. Олай болса, күнәкар адам да

мүмин ретінде қабылдануы тиіс, ал күнәсіне ақыретте

жауап беру мәселесі – Аллаһ тағаланың еркіндегі

іс. Қаласа, жазалайды, қаласа, кешіреді. Осыған

орай, тек пайғамбарлар мен насстарда үкімі айқын

айтылғандардың ғана тікелей жұмаққа баратындығын

айтуға болады

616

.

Мүмин бір кісінің табанды түрде

«Мен расын-

да да мүминмін» деуі керек. Неге десеңіз, иман

күдік, күмәнді қабылдамайды. Хазірет Ибраһим

614

«Мәида», сүресі, 9-аят; «Мүмин» сүресі, 40-аят

615

Әбулхайр,

Ақидатул-Ислам уәл-имам әл-Матуриди,

190-б.

616

Әбу Ханифа,

әл-Алим уәл-мутааллим,

18-б. Матуриди,

Китабут-таухид,

615-616-б.