350
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
Шахристани да Әбу Ханифаның күнә істеу мүминге
кесірін тигізбейді деген, иман етудің жеткілікті
екендігін алға тартқан мүржиядан еместігін, қайта күнә
істеген кісінің Аллаһтың азабынан қорқуы керектігін
жақтағандықтан оны әхлі-сүннет мұржиясынан деп
санаған
628
.
Әбу Захра ғалымдардың Әбу Ханифаның
мүржияға қатысты көзқарастарын қорытындылай
келе: «Менің ойымша, Әбу Ханифаны мүржия деуге
келмейді. Әйтпесе, пасықты (күнәхар) мумин қатарына
қосқандардың бәрі қаласаңыз да, қаламасаңыз
да мүржиядан саналатын болады. Аллаһ тағала
күнәһарлардың кейбіреуін кешіреді. Оның кешірімін
«шектеуге» болмайды. Олай болса, тек Әбу Ханифа
ғана емес, мұғтазиланың тысындағы барлық фиқһ
ғалымдары мен хадисшілер мүржияның санатына кіріп
кетеді. Бұл мүмкін емес», – дейді
629
.
Әбу Ханифаны мүржияға таңғанындай, оны
жәхмияға таңу да дұрыс емес. Өйткені, мүшәббиха
мен хашуияға қарасты ғалымдардың иләһи сипат
мәселесінде тәнзихті жақтайтындардың барлығын
жәхмияға қосақтайтыны белгілі. Анығында, Әбу
Ханифа жәхмияны қатты сынға алғаны анық деректер-
мен мәлім
630
. Алайда, Әбу Ханифаны кейбір сунниттік
кәламшылар мен салафияға тән хадис ғалымдарының
сынға алған бидғатшылықпен кінәлауы оның рацио-
налды мәліметтерге көңіл бөлетін, сенім мәселелерінде
осы мәліметтерді қолданып настарға рационалдық
көзқарастар білдірген Исламның ерте кезеңдеріндегі
628
Шахристани,
әл-Миләл уән-нихал,
1-т., 141-146-б..
629
Әбу Захра,
Әбу Ханифа,
156-157-б.
630
Ибн Хиббан,
Китабул-мәжрухин,
3-т., 15-б.