354
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
Мына төмендегі оқиға Имам Ағзамның иман
түсінігінің қандай болғанын көрсетеді. Бір күні Әбу
Ханифа мешітте отырғанда «Күнә жасаған мұсылман
кәпір болып мәңгілік тозаққа түседі, мұсылман санал-
майды» дейтін харижиттердің
639
бірі қаруын асынып,
баса-көктеп Әбу Ханифаның үстіне кіріп келеді де
былай дейді:
– Мешіттің алдында екі мәйіт жатыр. Бірі арақтан
өлген ер кісінікі, екіншісі зина жасаған әйелдікі. Жүкті
болып қалғанын білгеннен кейін асылып қалған. Бұл
екеуіне қатысты не айтасыз?
Әбу Ханифа олардан:
– Бұл екеуі яһуди ма? – деп сұрайды.
– Жоқ, – дейді харижи.
– Христиан ба?
– Жоқ.
– Пұтқа табына ма?
– Жоқ.
– Сонда қай үмбеттен?
– «Аллаһ тағаладан басқа құдай жоқ, Мұхаммед
оның елшісі» дейтін өзіміздің мұсылман, – деп жауап
берген харижитке:
– Куәлік кәлимасы иманның қаншасын құрайды?
Үштен бірі, төрттен бірі, мүмкін бестен бірі шығар? –
деп сұрайды.
– Иманның үштен, төрттен, бестен бірі болмайды.
Иман біртұтас, ол бөлінбейді.
– Иманның қаншасы сонда?
– Тұтасы.
– Ендеше, жауабын өздерің бердіңдер. Олардың
мұсылман екенін айттыңдар – деп Әбу Ханифа өз
639
Ислам дініндегі шектен шыққан ағым