351
Әбу Ханифа және ақидалық көзқарастары
жаңашыл ойшылдардың алғашқыларынан болғанын
көрсетуде. Соған қарата айтылған сындарды басқаша
жорамалдау қиын. Неге десеңіз, сенім көзқарастарының
кейіннен қалыптасқан сунни кәлам саласынан
матуридияға бағыт беріп, әхлі-сүннет түсінігімен
үйлесетіндігі белгілі.
Мүржияға қатысты Әбу Ханифаның өзі әл-Фиқһул-
әкбарда: «Мүржиялар секілді «Жақсылықтарымыз
қабылданған, жамандықтарымыз кешірілген» деп айт-
паймыз. Керісінше, басы ашық мәселе болғандықтан,
«Кімде-кім іс-әрекеттерін дін үкімдеріне сай, ізгі
амалын бұзатын кемшіліктерден сақтана отырып
жасаса, өз кезегінде оны күпірлік пен діннен шығу
арқылы жойып алмай, дүниеден мүмин ретінде өтсе,
Аллаһ тағала оның амалдарын зая кетірмейді. Оны
қабыл алып, сауабын береді» дейміз»
631
деген. Өзіне
мүржия деп жала жапқандарға жауап беру үшін
Осман әл-Баттиге жазған хатында «Әлгі мүржия
сөзіне келер болсақ, бидғатшылардың оларға бұл
атты танатындай шындықты айтқан адамдардың не
жазығы бар? Олар – әділ және әхлі-сүннет. Бұл атауды
оларға көреалмаушылар таңған»
632
, – деп жауап беруі
ұстанымының жағымсыз мағынада қолданылған
мүржиядан емес екенін анық көрсетеді.
Интиқа деген кітапта Әбу Муқатилдің Әбу Ха-
нифадан естіген мына сөзі келтірілген: «Адамдар үш
дәрежеге бөлінеді.
Біріншісі –Пайғамбарлар мен солПайғамбарлардың
жаннатпен сүйіншілеген адамдары – жаннаттық.
631
Фиқһул-әкбар,
9-б. Хайдарабад басылымы
632
А. Өзтүрік,
Имамы Ағзам Ебу Ханифе ве есерлери,
Шәмил
баспасы, Стамбул, 2010, 114-б.