Previous Page  357 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 357 / 400 Next Page
Page Background

357

Әбу Ханифа және ақидалық көзқарастары

Яғни, сахабалардың ешқайсысы жайлы жағымсыз пікір

білдірмеу керектігін де ерекше айтып кеткен

644

.

Халифалыққа билікті күшпен алған Омеядтар мен

Аббасилардан гөрі үмбеттің ісін түзеуге тырысқан Али

ұрпағы анағұрлым лайық. Осы тұрғыда Әбу Ханифа

Имам Зәйдке және әхлі-бәйтке қарасты адамдардың

билікке қарсы әрекеттеріне қолдау білдіріп, олардыкін

дұрыс санаған. Алайда, шиит жазушыларының

айтып жүргеніндей, шииттердің имамдық түсінігін

мақұлдамаған. Өйткені, ол мемлекет басшылығына

(имамдық) әхлі-бәйтке берілген құқық ретінде

қарамаған, бар болғаны басқалардан гөрі әхлі-бәйтке

қарастылардың мемлекет басшылығына анағұрлым

лайық екенін қолдаған. Осы орайда халифалық

сахабаларға өз арасында абыройға қарай берілгендігін

мақұлдап, билікті күшпен қолға алған халифаларға

бағыну керектігін жақтайтындығы да жеткен.

Анығында, хазірет Али мен ұрпақтарына жақындығы

анық байқалуда, бұған қоса билікті күшпен қолға

алғандарға қарсылық танытқан әхлі-бәйттіктерге

қолдау білдіргені де жалпы мойындалған

645

.

9. Ризық пен ажал

Әбу Ханифа «әл-Уасияда» бұл мәселеге көзқарасын

былайша білдірген: Аллаһ тағала – құлдарын жарату-

шы әрі өлтіруші. Бір аятта

«Аллаһ сендерді жаратып,

кейін ризықтандырды. Кейін өмірлеріңді қиып, ар-

тынан сендерді қайта тірілтеді»

646

делінген. Бәлхи

мен Харизмидің риуаяттарында болса былай делінген:

644

Беязизаде, 157-158-б.

645

Ю. Шевки Явуз, 2-т., 150-151-б.

646

«Әр-Рум» сүресі, 40-аят.