359
Әбу Ханифа және ақидалық көзқарастары
«әл-Уасияда» Әбу Ханифа: «Табыс табу, адалынан
мал жинау адалға, ал харам жолмен мал табу харамға
жатады», – деген
650
.
Әбу Ханифаның ақидаға қатысты
еңбектері жайлы
Әбу Ханифаға телінген ақидаға (кәләм) қатысты
негізгі кітаптар мыналар: «әл-Фиқһул-әкбар», «әл-
Фиқһул-әбсат», «әл-Алим уәл-мутааллим», «әл-
Уасия» және Осман әл-Баттиге арнап жазылған
«Рисәлә». Бұрынғы кездері де, кейінгі кезеңдерде де
Имам Ағзамның ақидаға қатысты ешқандай кітап
жазбағанын айтқандар кездескен. Бұл пікірді ең алғаш
таратқандар мұғтазилиттер еді. Кердери осындай
пікірді таратушылардың мұғтазилиттер екендігін, әл-
Фиқһул-әкбар мен әл-Алим уәл-мутааллим секілді
әхлі-суннаның негіздерінің көбін құраған шығармалар
оған тиесілі емес дей отырып, Әбу Ханифаны өздерінің
қатарынан етіп көрсеткісі келгендіктерін айтады
651
.
Әлгіндей пікірлерді бертін келе батыстық ориентали-
стер де тілге тиек еткен.
Асылында кәләм ілімінің негізін қалап, сунни
ақиданың қалыптасуына үлкен ықпал еткен Әбу
Ханифаның бұл салада ешқандай еңбек жазбағанын
айту ақылға сыймайтын жайт. Керісінше, тарихи де-
ректер кәләмға қатысты еңбектер жазғанын бірауыздан
мойындайды. Өйткені, Әбу Ханифаның өз кезеңіндегі
650
Беязизаде, 107-б.
651
Кердери, Манақиб, 122-б.