355
Әбу Ханифа және ақидалық көзқарастары
ауыздарымен олардың мұсылман екенін айтқызады.
Артынша жауап таба алмаған Харижиттер:
– Сен мұны қой. Олар жаннаттық па, әлде
жәһәннәмдық па? – деп, Әбу Ханифаны сүріндірмек
боп бастырмалай береді.
– Бұл жайында айтарым мынау, – дейді имам
Ағзам саспастан, – Ибраһим (а.с.) бұл екеуінен
де зор күнә істеген қауымы үшін Аллаһтан:
«Уа,
Аллаһ тағалам! Маған мойынсұнғандар менен.
Маған қарсы шыққандарға Сен кешірімді әрі
рақымдысың»
640
– деп кешірім тілеген. Иса пайғамбар
(а.с.) да:
«Уа, Аллаһ тағалам! Егер оларды азапқа
салсаң, олар Сенің құлдарың. Егер кешірсең, Сен
мейірбан әрі рақымдысың»
641
, – демеп пе еді. Сен-
дерге оларды соншама айыптайтындай не көрінді? –
деген екен. Осылайша, Әбу Ханифа оларға мәселенің
шешімін Құран кәрімнің дәлелдерімен егжей-тегжейлі
түсіндіріп береді. Орынды уәжге жығылған харижит-
тер қаруларын тастап, кейін қайтты
642
.
Тағы бір жолы мынадай оқиға кездеседі. Хари-
життер Сыффин оқиғасында хазірет Али мен Мұғауия
арасындағы келіспеушілікке қатысты қазының
берген пәтуасымен келіспейді. Ал қазының шешімін
қабылдаған екі жақты да үлкен күнә істеді деп санай-
тын. Омеядтар заманында бас көтерген харижи Даххақ
ибн Қайс Куфа мешітіне шабуыл жасады. Олардың
ойынша, харижиттерден басқа үкімге разы болған
мұсылмандардың қанын төгу күнә саналмаса керек.
Олар Әбу Ханифаның алдына барып «Тәубе ет» дейтін
640
«Ибраһим» сүресі, 36-аят
641
«Маида» сүресі, 118-аят
642
Әбу Захра, 36-б.