Previous Page  358 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 358 / 400 Next Page
Page Background

358

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

Маған Язид ибн Абдуррахман әл-Ауди, Абдуллаһ ибн

Мәсғудтан, ол Пайғамбарымыздан

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

риуаят етуінше Аллаһ елшісі былай деген: «(Ұрық)

ана жатырында қырық күн нұтфа (ұрық), қырық күн

алақа (ұйыған қан), қырық күн бір шайнам ет (мұдға)

кейпінде тұрады. Содан кейін Аллаһ оның жаратылы-

сын «шыңына» жеткізеді. Сол кезде бір періште келіп:

«Уа, раббым! Бұл нәресте ұл бола ма, қыз бола ма?

Мүмин бола ма, кәпір бола ма? Ғұмыры қаншалықты?

Ризығы қай мөлшерде? Амалы не болмақ?» деп сұрап,

Аллаһтың қалауына сай әлгі нәрестенің тағдырын

жазады. Мүмин – басқалардың насихатын құп алған

жан. Кәпір – шешесінің жатырында бақытсыз (шақи)

боп жазылған жан»

647

. Бұл мәселеде Сәубанның

648

(р.а.)

Пайғамбарымыздан

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

риуаят еткен:

«Өмірді жақсылық қана ұзартады, тағдырдағыны

дұға ғана қайтарады. Кісі жасаған күнәсіне бай-

ланысты ризығынан мақұрым етіледі»

649

деген

мағынадағы хадис түрлі мағынада талқыланған.

647

Бұхари, Бәдул-һалқ, 6; Әнбия, 1; Мүслим, Қадар, 1; Тирмизи,

Қадар, 4; Ибн Мажә, Мұқаддима, 10

648

Әбу

Абдуллаһ

Сәубан

ән-Нәбәуи

(қ.ж.

54/673).

Пайғамбарымыздың азат етілген құлы. Хижаз аймағынан

айдалғанда,Пайғамбарымызонысатыпалып, басынабостандық

берген. Сәубан болса, азаттық алғанмен Пайғамбарымызды

жақын тартып қасынан кетпеген. Нәтижеде көп ілім үйренген.

Ұзақ жасаған. Шәддад ибн Әус, Жүбәйір ибн Нүфәйір, Әбу

Идрис әл-Хаулани, Рашид ибн Сағыд пен басқа да кісілер одан

хадис риуаят еткен. Қараңыз: Ибн Сағыд, Табақат, 7-т., 400-б.;

Захаби, Сияр, 3-т.,15-б.

649

Ибн Мажә, Мұқаддима, 10; Харизми,

Жамиул-мәсанид,

1/113.