347
Әбу Ханифа және ақидалық көзқарастары
бұл риуаятты Әбу Ханифаға қарсы бидғатшылардың
ойлап тапқанын, солардың әрекетімен жайылғанын
айтады
621
.
Хадисшілердің оған сын айтуына аят-хадиспен
қоса ақылға да жиі жүгінуі көбірек ықпал жасауымен
қатар, жоғарыда атап өткеніміздей, иман түсінігінің
де ықпалы аз емес. Әбул-Хасан әл-Әшғари Әбу
Ханифаны мүржияның тоғызыншы тармағының
құрушысы ретінде көрсетіп, Нәубахти мен Әбу Хатим
әр-Рази де оны мүржияның Амр ибн Қайс әл-Масыр
(немесе Мазыр) негізін қалаған Масырия (немесе әл-
Мазырия) тармағына тән адам ретінде танытқан
622
.
Әбу Ханифаның мүржияға қатысы барын сол
мәзһабтың адамы Ғассан әл-Куфидің айтқан риуаяты-
на апарып тірегені секілді, мұны Әбу Ханифаның иман
көзқарасымен байланыстырғандар да болған. Екінші
топ бойынша Әбу Ханифа күнә істегендердің мүмин
екендігін қорғап, нәтижесін ақыретке қалдырғандықтан
немесе Аллаһтың қалауына қалдырғаны (иржа) себепті,
алғаш рет Нафи ибн әл-Әзрақ атты харижи, кейінірек,
мұғтазила ғалымдары тарапынан мүржия ретінде
аталып, осы себепті мәзһаб тарихшылары да оларға
еріп, оны мүржия деп көрсеткен.
Шәхристани Әбу Ханифаны ерте кездегі мәзһабтар
тарихын жазушылардың мүржия деп танытуының
2 себебін атап көрсетеді: «1. Әбу Ханифа алғашқы
кезеңде шыққан қадария мен мұғтазилиттерге қарсы
621
З. әл-Кәусәри,
әт-Тәрхиб би нақдит-тәниб,
Бейрут, 1981,
299-б.
622
Нәубахти,
Фирақуш-Шиа,
7-б.; Әбу Хатым әр-Рази,
Китабуз-
зина
(баспаға дайындаған Абдуллаһ Сәллум әс-Самерраи әл-
Ғулуу уәл-фирақул-ғалия), Бағдат, 1982, 269-б.