342
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
десе, және жүрегінде де осындай сезім болса, тозақтан
құтылады» дейді. Яғни, Аллаһты таныған тозақтан
шығады демейді, тілмен айтқан шығады дейді.
Егер тілмен айту керегі жоқ болып, тек Аллаһты
танып білу жеткілікті болғанда, тілімен Аллаһты жоққа
шығарғандар мен Аллаһқа қарсы шыққандар жүрегімен
Аллаһты танығаны үшін мұсылман болып саналар еді.
Тіпті, Ібіліс шайтан да мұсылмандар қатарынан сана-
лар еді. Өйткені, ол Аллаһтың жаратушы, жан алушы,
қайта жан беруші Раббысы екенін жақсы білетін.
«Мені оттан жаратқансың, ал оны (адамды) балшықтан
жараттың» деп оның жаратушы екенін мойындаған.
Кәпірлер Аллаһты танығанымен, тілдерімен
Аллаһты жоққа шығарды, міне, сондықтан олар
мұсылман болып саналмайды.
Бұл жайлы Аллаһ тағала:
«Нәпсілері
бұларды мойындағандарына қарамастан, оны
мойындамады»
608
деген.
Аллаһ тағаланы танығандарына қарамастан,
тілдерімен оны мойындамағандықтарынан оларды
мұсылмандардан санамаған. Және Аллаһ тағала былай
дейді:
«Олар Аллатың бергендерін біледі, сонда да
мойындамайды. Олардың көпшілігі кәпірлер»
609
.
«Айт: Жер мен көкте рызық беруші кім? Есту
мен көруге кім ие? Өліден тіріні, тіріден өліні
шығарушы кім? Барлық істі жүргізуші кім?
Күмәнсіз олар «Аллаһ» дейді»
610
.
Мойындамағандықтан олардың танып білгендері
өздеріне пайда бермейді.
608
«Нәхіл» сүресі, 14-аят
609
«Нәхіл» сүресі, 83-аят
610
«Юнус» сүресі, 31