324
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
әзали (бастауы жоқ мәңгі) болғандықтан, ешқайсысы
кейіннен (хадис) пайда болмаған. Өзгеру, түрлену
секілді жағдайлар жаратылғандарға тән. Кімде-кім
оларды жаратылған (махлұқ), кейіннен пайда болған
деп санаса, яки, олар жайлы күмәнданса, күпірлікке
бой алдырады. Иләһи сипаттар әзали болумен қатар,
олдардың нәтижесінде пайда болғандар (мафғул)
кейіннен жаратылған болып табылады. Аллаһ мате-
риалды болмыс емес, оның теңі я ұқсасы да жоқ, сан
тұрғысынан да теңдесі болмағандықтан, Ол – дара.
Иләһи болмысымен қатар сипаттарының ешқайсысы
жаратылыстарға және сипаттарға ұқсамайды. «Ықылас»
сүресі де осыны меңзейді
561
.
Құранның кейбір аяттары мен бағзы хадистердегі
Аллаһ тағалаға қатысты айтылған тура мағынасы
белгілі бір ағзаны немесе жаратылғандарға тән іс-
әрекеттерді білдіретін сөздерге «Мүтәшабиһ аят-
хадистер» (мағынасы анық емес аят-хадистер) немесе
«Аятус-сифат», «Ахадисус-сифат» (Аллаһ тағаланың
сипаттарына қатысты аят-хадистер), яки, «Ас-сифатул-
хабария» яғни, хабари сипаттар делінеді
562
.
Аяттар мен хадистердегі Аллаһқа телініп айты-
латын йәд (қол), нәфс (болмыс), уәжх (жүз), нузул
(түсу) секілді сипаттардың пішіні белгісіз. Бұларды
тіршілік иелеріндегі ағзаларға ұқсатуға да немесе
кәлам ілімімен айналысатын мұғтазилиттер секілді
жорамалдауға да болмайды. Өйткені, «йәд» сөзін
құдірет деп түсіндірген секілді бұл сипаттарға қатысты
болжам жасау да оларды иләхи сипат қасиетінен айы-
561
Ю. Шевки Явуз, Ебу Ханифенин итикади гөрүшлери ве сунни
келамын олушумуна еткилери, 2-т., 145-б.
562
Қ. Жолдыбайұлы, Дін мен діл, 129-б.