Previous Page  319 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 319 / 400 Next Page
Page Background

319

Әбу Ханифа және ақидалық көзқарастары

және алдыңғы қатарлы сахабалардың түсініктеріне

негіздегендіктен, пәлсапалық ойлардың ығында кетпеді.

Ислам ақидасының негізгі мәселелері төңірегіндегі

көзқарастары ғалымдар арасында үлкен беделге

ие болды. Матуридия мәзһабынан бастап, сәләфия

(алғашқы буын ғалымдары) әшғария ғалымдары та-

рапынан жалпы мағынада қолдау тауып, әрі қарай

дамытылған

553

.

Атеистерге қарсы Аллаһтың бар екендігі, Құранда

негізі бар ақли дәлелдерді (кейіннен ихтыра немесе

инаят деп аталған) алғаш рет қолданып, ғаламның

«лә шәй», яғни жоқтан жаратылғанын айтқан. (әз-Зәту

әл-Иләһия) Аллаһ тағаланың Өзі мен сипаттарының

айырмашылығын көрсетіп, иләхи сипаттарды алғаш

рет Аллаһқа ғана тән Өзіндік (зати) және фиғли

(Аллаһтың қалауына қатысты) сипаттар деп бөліп,

барлығының қадім (бастауы жоқ, мәңгі) екендігін

қорғап, сол арқылы жахмия мен мұғтазиләның сипат

ұғымын қабылдамай, хабари сипаттарға сөзсіз иман

ету керектігін айтып, сәләфтарға басшылық жасап,

кейбірін астарлап, кейбірін ашық жорамалдап, тәшбих

(Аллаһ тағаланы жаратылғандарға ұқсату) пен татил

(Аллаһты пәктейміз деп діни мәтіндерде айтылған си-

паттарды толықтай жоққа шығару) ақидасына балама

көзқарас ұсынған. Құранның жаратылғандығы хақында

жахмия

554

мен хашуия

555

арасындағы орта көзқарасты

553

С.Абжалов,

Ханафи мәзһабының діни-философиялық негіздері,

Философия ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу

үшін дайындалған диссертацияның авторефераты, Алматы,

2008, 20-б.

554

Жәбрия ағымының өкілі Жәхм ибн Сафуанның артынан

ергендерге берілген атау.

555

Ислам энциклопедический словарь, «ал-Хашавииа», 277-б.