Previous Page  315 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 315 / 400 Next Page
Page Background

315

Әбу Ханифа және ақидалық көзқарастары

Түрлі түсініктің жетегінде кеткен мүржиялық

ғалымдар өз араларында әрі өзге ағымдағы

қарсыластарымен қызу пікірталастар жүргізген.

Осы пікірталастар барысында мүржияға тән иман-

имансыздық, таңдау еркі мен тағдырға тәуелділік,

жаннат пен жаһаннам, т.б. деген секілді түсініктер

қалыптасты.

Қорыта айтқанда, мүржилер әуелде дұрыс позиция

ұстанып шықса, кейінгілер шектен шығып, тарихта

дәстүрлі Исламнан тыс ағым ретінде қалды. Мүржия

ағымы орта ғасырларда түбегейлі жойылды

548

.

Жәбрия

Жәбрия ағымы һижраның 50 жылы пайда болды.

Жәбр – араб тілінде «мәжбүрлеу», «итермелеу» деген

ұғымды білдіреді. Яғни, адамда ерік жоқ, ол не істесе

де тағдырдың мәжбүрлеуімен істейді, Аллаһ қана жара-

тушы болғандықтан, қалағанын істейді деген түсінікті

қолдайды. Бұндай түсінік батыста «фатализм» деп

аталып кетті. Бұл түсінікті мұсылмандар арасында

жайған Жағыд ибн Дирхам оны Шамдағы бір еврей-

ден үйренген деседі. Жағыд ибн Дирхамнан тағдырға

тәуелділік түсінігін үйренген соң, Жәхм ибн Сафуан

жаңа бір діни топтың негізін құрды. Өз кезеңінде

бұл идеяны Омеяд билеушілері өз әділетсіздіктерін

қалыпты құбылыс ретінде көрсетіп, тағдырға сілтей

салу мақсатында қолданған.

Жәбриялықтар өздеріне дәлел ретінде «Егер

Аллаһ қалайтын болса, оларды туралыққа жинар еді.

548

Ислам энциклопедический словарь, 172-б.,.Қ. Құрманбаев,

Хадис ілімі,

113-116-б.