310
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
сымен бірге шабуылға ұшырағанда, сол аралықта
жоғалып кеткенін айтады. Бұл махди ақырзаманда
шығып, жер бетінде әділеттілік орнатпақ. Аталмыш
топ махдидың шығуын күтеді. Әр кеш сайын кешкі на-
маздан кейін осы үйдің жертөлесінің алдына барады.
Астына көлік дайындап, махдидың атын дауыстап
шақырады. Олардың кейбірі өлген имамның дүниеге
қайта келетіндігіне сенеді, бұған Құрандағы «Кәхф»
сүресінен дәлел келтіреді
543
. Шииттердің бұдан басқа
да көптеген тармақтары бар.
Харижиттер
«Хуруж» – араб тілінде шығу деген мағынаны
білдіреді. Алғаш рет мұсылмандар арасында заңды
жолмен тағайындалған басшыға қарсы шыққан топты
жолдан шыққандар деп айыптаудан осындай мағына
иеленіп, ұғым қалыптасты. Олар хазірет Али (р.а.) мен
Мұғауия арасында орын алған Сыффин шайқасындағы
төреші тағайындау оқиғасынан кейін пайда болған
топ. Хазірет Алидің төрешінің үкіміне ризашылық
танытқанын көтере алмаған 12 мыңдық бір топ Алидің
әскері құрамынан бөлініп шығып, Харура аймағына
қоныс аударды. Сол себепті, әуелі оларды харуриттер
деп атаған. Осылайша, харижиттік қозғалыстың негізі
қаланды
544
.
Харижиттер өз наным-сенімдеріне берік, сырттай
асқан діндар болып көрінетін ең қатты ағым болып
табылады
545
. Олар, әсіресе, ақидасын қызғыштай
қорғаштап, шаң жуытпайды. Үкімдері қатал, өр мінезді
543
Әбу Захра, Әбу Ханифа, 97-б. Ибн Халдун «Мұқаддимасынан»
544
Ислам энциклопедический словарь, 260-б.
545
Әбу Захра,
Әбу Ханифа,
106-б.